Ораздың баптайтын құстары
Әдебиет (7-сынып): С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы
С. Мұқанов — «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- СТО әдісі
- Проблемалық ізденіс
- Талдау
- Топпен жұмыс
Ресурстар және байланыс
Көрнекілігі: кесте, слайд
Пәнаралық байланыс: география, биология, музыка
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Әртүрлі тәсілдер арқылы шығарманың негізгі мағынасын меңгерту; талдау жұмыстары арқылы білімін тексеру; танымдық қызығушылығын ояту.
Дамытушылық
Оқушының дүниетанымын, сөз саптауын және қабылдауын дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатты аялауға, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Төмендегі құрылым сабақтың кезеңдерін ретімен жүргізуге, ал тапсырмалар оқушылардың талдау дағдысын жүйелі дамытуға бағытталған.
1) Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу.
- Сыныпты түгендеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Есіл бойында» әңгімесін мазмұндау.
3) Өткен тақырыпты пысықтау: «Сөздер сөйлейді» ойыны
«Ақырын жүріп, анық бас»
Сұрақ: Повесть дегеніміз не?
«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап»
Сұрақ: «Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы қандай?
«Сөйлеші тілім жосылып»
Тапсырма: М. Мақатаевтың өлеңін жатқа айту.
«Жүрегімнің түбіне терең бойла»
Сұрақ: Мырзатай қандай әннің тарихын баяндайды?
«Талаптыға нұр жауар»
Сұрақ: С. Мұқанов шығармашылығын қандай салаларға бөлеміз?
4) Сабақтың мақсатын қою
Оқушылармен бірге жаңа сабақтың мақсаты нақтыланады: мәтінді түсіну, композицияны талдау, кейіпкер бейнесін ашу және тілдік құралдарды тану.
5) Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту: аңшылық тәсілдері
- Қақпан құру
- Ін қазып алу
- Құс салу
- Итпен алу
Сөздік жұмысы
- Саятшы
- Құсбегі, құс баптаушы.
- Сауға беру
- Ақысыз олжа үлестіру.
- Қаршыға
- Өте алғыр жыртқыш құс.
- Шілік
- Өсімдік атауы.
- Ителгі
- Жыртқыш құс.
Топтық жұмыс
Оқушылар тапсырмаларды топта орындап, нәтижесін дәлелдермен қорғайды.
1-топ: жоспар құру
- Жаңа қоныс
- Саятшы Ораз
- Ораздың мергендігі
- Ораздың құс баптау шеберлігі
- Оразға үйір болған балалар
- Ораздың адамгершілігі
- Аңшылық туралы әңгімелер
2-топ: композициялық құрылымға талдау
- Басталуы
- Мұқан үйінің Сүлейменнің ауылына көшіп келуі.
- Дамуы
- Ораз үйінің қатар қоныстануы.
- Шиеленісуі
- Мұқанның сырқаттануы.
- Шарықтау шегі
- Арқа сүйеген Сүлейменнің сараңдық танытуы.
- Шешімі
- Ораздың адамгершілік танытуы.
Мәтінмен жұмыс
Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табу.
Сәйкестендіру тапсырмасы
Сүлеймен — Сәбиттің кіміне жатады және қандай адам?
Оразға образдық талдау
Кейіпкер
Ораз
Өмірге қызығушылығы
Өте жоғары: кедейшілікке мойымай, аң аулап күн көрді; елге көмектесті; әрдайым жайдары жүрді.
Адамгершілік қасиеті
Мол олжасын елге сауғаға берді; мейірімді, қайырымы мол адам.
Кейіпкерге берілетін баға
Өте жақсы.
6) Білімді бекіту (сұрақтар)
- Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
- Әңгіме не туралы?
- Ораз баптайтын құстар қандай?
- Аңшылыққа қатысты қандай ырым-тыйымдарды білесіңдер?
7) Үй тапсырмасы
«Саятшы Ораз» әңгімесін мазмұндау.
8) Бағалау
Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлелділігі және мәтінмен жұмыс нәтижесі бойынша бағаланады.