Сиқырлы жолдар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары
Таным, Қатынас
Бөлімдер
Ойна да ойлан, Құрастыру, Тіл дамыту
Тақырыбы
Сиқырлы жолдар
Мақсаты
- Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру.
- Заттарды ұзын–қысқа, үлкен–кіші деп салыстыру, сондай-ақ бір және көп ұғымдарын қалыптастыру.
- Геометриялық пішіндер мен түстерді ажыратуға арналған ойын-жаттығулар арқылы қисынды ойлау қабілетін дамыту.
Билингвалды компонент
- Орысша
- Длинный
- — ұзын
- Орысша
- Короткий
- — қысқа
Мотивациялық-танымдық бөлім
Шаттық шеңбері: «Күн шуағы»
Күн шуағы, күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын.
Жарқырап күн ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз — көңілді баламыз!
Қайырлы күн, біз — сүйкімді баламыз!
Айтқан тілді аламыз,
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламыз.
Сәлем! Сәлем! Сәлем!
Ұйымдастырушылық-ізденушілік бөлім
Жұмбақ
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі
Балалар, бізге қояндар қонаққа келді. Олар жолдың бойымен секіріп келеді. Қане, қояндардың түстерін айтайық: олар қандай түсті?
Салыстыру және талдау
Тапсырма
Алдарыңда екі жол жатыр. Екеуін салыстырайық: қайсысы ұзын, қайсысы қысқа?
Сұрақ
Ақ қоян қай жолмен секіріп келді? Оның түсі қандай?
Сұрақ
Көк қоян қай жолмен секіріп келді? Оның түсі қандай?
Салыстыру әдісі
Балалар, қане, салыстырып көрейік: қай қоян бірінші келді? Неліктен солай болды?
Негізгі ұғым
Ұзын — қысқа
Негізгі ұғым
Бір — көп
Қорытынды
Бұл тапсырмалар арқылы балалар жолдардың ұзындығын салыстырып, қояндардың қозғалысын бақылайды және түстерді ажырата отырып, себеп-салдар байланысын түсіндіруге үйренеді.