Туындының физикалық мағынасы

Сабақтың тақырыбы

Күрделі функцияның туындысы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Күрделі функцияны құра білу және оны элементар функцияларға жіктей білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Күрделі функцияның туындысын табу ережесімен таныстыру және оны дұрыс қолдану машықтарын дамыту.

Дамытушылық

  • Есте сақтау, ойлау және жылдам есептеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа, жауапкершілікке және мақсатқа жете білуге баулу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі
Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту
Көрнекілігі
Слайд, тест, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың формасы
Жұптық жұмыс, ұжымдық жұмыс, өз бетінше оқу
Пәнаралық байланыс
Математика, информатика, физика

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

а) «Білгенге маржан»

Оқушылардан негізгі формулаларды сұрау.

ә) Сұрақ-жауап

  1. 1) Қозғалыстағы дененің жүрген жолынан уақыт бойынша алынған туындысы қандай шама?

    а) жылдамдық б) үдеу в) қашықтық
  2. 2) Жылдамдықтың уақыт бойынша алынған туындысы қандай шама?

    а) күш б) қуат в) үдеу
  3. 3) Туындының геометриялық мағынасы қандай?

    а) функция графигіне жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициенті б) функция графигіне жүргізілген жанама в) туынды
  4. 4) Туындының физикалық мағынасы қандай?

    а) салмақ б) лездік жылдамдық в) тығыздық
  5. 5) Функцияның туындысын табу амалы қайсы?

    а) интегралдау б) өсімше в) дифференциалдау