Аты бар байттар тізбегі

XXI ғасыр көшбасшысы (сыныптан тыс іс-шара)

Мақсаты

  • Білімділік: жалпы информатика курсы бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, ой-өрісін кеңейтетін тұжырымдар жасату және пән бойынша білімін тереңдету.
  • Дамытушылық: пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, шығармашылық қабілеті мен ой ұшқырлығын дамыту.
  • Тәрбиелік: бірлікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу; бәсекелестік қабілетін және ұжымдық сезімді қалыптастыру.

Кіріспе (жүргізуші сөзі)

Жүргізуші: Февраль Еңілік. Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділқазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
— Абай

Осы нақыл сөзді негізге ала отырып, ойынымыздың шарттарымен таныстырайық. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Батылдық балалық шақта шыңдалады десек, баланы тұлға ететін тәрбие құралдарының бірі — ойын. Ендеше, сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық. Ойынға 5 оқушы қатысады.

Ендігі кезек — әділқазылар алқасы. Сайысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, биік белестерден көрінулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

1-кезең — «Бәйге»

1-тур — «Бәйге» кезеңін бастаймыз:

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге — бәйгелерді көріңіз!

Ереже

  • Кезеңде 16 сұрақ қойылады.
  • Бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді.
  • Жауап бере алмаса, келесі тетікті басқан оқушы жауап беру құқығына ие.
  • Әр дұрыс жауап 3 балл.
  • Кезең соңында ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

Сұрақтар

  1. 1. Аты бар байттар тізбегі? Файл
  2. 2. Қағаздағы көріністі экранға түсіретін құрылғы? Сканер
  3. 3. Калькулятордың неше түрі бар? 2
  4. 4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? Интерфейс
  5. 5. Дүниежүзілік желі? Интернет
  6. 6. Windows дегеніміз не? Операциялық жүйе
  7. 7. Зиянкес бағдарлама? Вирус
  8. 8. Келесі жолға өту пернесі? Enter
  9. 9. Компакт-диск оқу құрылғысы? CD-ROM
  10. 10. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? Компьютер
  11. 11. Объектілер қоймасы? Қапшық
  12. 12. Латынның information сөзі нені білдіреді? Ақпарат
  13. 13. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? 70 см
  14. 14. Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ? Терезе
  15. 15. 1 килобайт қанша байтқа тең? 1024 байт
  16. 16. Меңзердің сол жағындағы таңбаны өшіретін перне? Backspace

Әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құры қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

2-кезең — «Жорға»

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
— Қ. Мырзалиев

Осы ойды арқау ете отырып, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық. «Жорға» кезеңі басталады.