Мұқағали Мақатаевтың Отансүйгіштік тақырыбына жазылған өлеңдерінен тәрбиелік мағына қабылдау

Секция: Әдебиет Тақырып: Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы патриотизм

Абстракт

Зерттеудің мақсаты

Мұқағали Мақатаевтың Отансүйгіштік тақырыбындағы шығармаларын зерттеу, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралап, саралай отырып, көркемдік ерекшеліктерін айқындау.

Ғылыми болжам

Ақынның Отанға, туған ел мен туған жерге арналған өлеңдеріндегі идеялық өзекті қосымша ғылыми деректермен салыстыра талдау арқылы оның ақындық кредосын (ойының түп қазығын) анықтауға болады.

Зерттеудің кезеңдері

  1. 1

    Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық әлеміне шолу жасап, әсіресе Отан тақырыбындағы, халқына және туған жеріне деген махаббатқа толы өлеңдерін саралау.

  2. 2

    Мұқағали туралы естеліктерді жинақтау; газет-журнал материалдарын қарастыру; “ақынның өмірін зерттеу — алдымен өзін зерттеу” қағидасына сай деректерді іріктеу. Отан мен туған жер туралы поэмаларына, аудармаларына және прозалық еңбектеріне шолу жасау.

  3. 3

    Мұқағали туралы буклеттер, баяндамалар және альбомдар әзірлеу; патриоттық тәрбиеге арналған тәлім сағаттарын ұйымдастыру.

Жаңалығы

Мұқағали Мақатаевтың Отансүйгіштік тақырыбындағы шығармалары негізінде тәрбие сағаттарының мазмұнын құрастыру және оқу үдерісіне бейімдеу.

Қорытынды

Ақынның Отансүйгіштік өлеңдері жас ұрпаққа тәрбиелік әрі рухани мән береді. “Қазақстан” өлеңі зерттеу тақырыбының идеялық-рухани өзегін айқындай түседі.

Абстракт (орыс тілінде)

Цель научной работы

Изучить жизнь и творчество поэта Мукагали Макатаева, выявить в его стихах патриотизм и любовь к Родине.

Этапы исследования

  • Анализ произведений о Родине и любви к народу; выявление жизненного кредо поэта.
  • Работа с материалами газет и журналов о М. Макатаеве; изучение поэм, переводов и прозы.
  • Подготовка буклетов, докладов и альбомов; проведение воспитательных классных часов.

Выводы

В произведениях М. Макатаева присутствует глубокий воспитательный смысл. Стихотворение “Қазақстан” отражает духовную и идейную основу исследования. Материал можно использовать на уроках русского языка и литературы, на других предметах и во внеклассных мероприятиях для изучения истории и культуры родного края.

Жоспар

І. Кіріспе

  1. Ақынның өмірбаянына шолу.
  2. Мұқағали Мақатаев — қайталанбас дара тұлға.
  3. Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Отан, тыныштық, бейбітшілік туралы философиялық ойлар.
  2. Отансүйгіштік, патриоттық тақырыптағы шығармаларды зерттеу: өлең табиғатын даралау, өзгешелігін айқындау.
  3. Мұқағали шығармашылығындағы ұлттық болмыс көрінісі.

ІІІ. Қорытынды

Мұқағали Мақатаевтың Отансүйгіштік поэзиясының кейінгі буынға ықпалы. Қазақ поэзиясының Хантәңірі.

Кіріспе

Ақынның өмірбаяны

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 8 наурызда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда құжаттарда ақынның туған күні 9 ақпан болып көрсетіледі.

Дерек

Ақынның анасы Нағиман апаның айтуынша: “Мұқағалиым 1931 жылы 8 наурызда дүниеге келген. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан кейін Наурыз тойын күтіп, наурыз көже жасаймыз деп отырғанбыз”.

Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқардың дерегіне сүйенсек, құжаттағы 9 ақпан күні ақын ес білген шағында, сол кезеңдегі сайлау науқанына байланысты куәлікке енгізілген.

Есімі

Азан шақырып қойылған аты — Мұхаметқали.

Отбасы

Әкесі колхозда сушы, шалғышы болып еңбек еткен. Мұқағали — шаңырақтың тұңғышы. Одан кейін бір қыз және үш ұл дүниеге келген. Қарындасы мен алғашқы інісі ерте қайтыс болған. Кейінгі інілері — Тоқтарбай мен Көрпеш.

Қазақ дәстүрі бойынша тұңғыш бала ата-әжесінің тәрбиесін көреді. Осы себепті Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдағаны айтылады.

Балалық шақтың ізі

Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келгендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татты (“Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?”).

Мұқағалидің әкесі 1941 жылы Калининград майданында қаза табады.