Шұбалшаңның жүйке жүйесі

Сабақтың тақырыбы

Шұбалшаңның биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.

Сабақтың мақсаты (білімділік)

Оқушыларға азқылтанақты буылтық құрттар туралы түсінік беріп, білімдерін тереңдету.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

Оқушыларды буылтық құрттардың негізгі өкілдерімен таныстырып, таным көкжиегін кеңейту; ойлау қабілетін, ізденімпаздығын дамыту.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

Оқушыларды өз ойын еркін әрі мәдениетті жеткізуге, пікір алмасуға, сөз мәнерін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ форматы

  • Сабақтың түрі: аралас
  • Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Суреттер
  • Тест тапсырмалары

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру
  • Оқушыларды түгелдеу
  • Оқушы назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақты қайталау және үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.

Тест тапсырмалары

  1. 1) Шұбалшаңның асқорыту жүйесі:

    • A) Ауыз қуысы – жұтқыншақ – өңеш – жемсау – қарын – ішек
    • Ә) Ауыз қуысы – жұтқыншақ – жемсау – қарын – ішек
    • В) Ауыз – өңеш – жемсау – қарын – ішек
  2. 2) Шұбалшаңның зәр шығару мүшесі:

    • A) Бүйрек
    • Ә) Жұлдызша тәрізді түтік
    • Б) Жасыл түсті жұп без
  3. 3) Шұбалшаңның қанайналым жүйесі:

    • A) Тұйық қанайналым жүйесі
    • Ә) Ашық қанайналым жүйесі
    • Б) Дұрысы жоқ
  4. 4) Шұбалшаңның тыныс алу мүшесі:

    • A) Желбезек
    • Ә) Тері жабыны
    • Б) Өкпе
  5. 5) Шұбалшаңдардың класы:

    • A) Азқылтанды құрттар
    • Ә) Көпқылтанақты құрттар
    • Б) Жұмыр құрттар

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Топқа бөлу

Оқушылар алдын ала үш топқа бөлінеді:

I топ

Шұбалшаң

II топ

Сүлік

III топ

Нереида

Жауынқұрты (шұбалшаң) туралы қысқаша мәлімет

Жауынқұрты (шұбалшаң) — жерқұрттарына жататын, азқылтанды буылтық құрттар тобының кең таралған өкілі. Негізінен топырақта тіршілік ететін түрлерден құралады.

Тропикалық ірі түрлерінің дене ұзындығы 2,5 м-ге дейін жетеді, ал ТМД аумағында 45 см-ге дейінгі түрлері кездеседі. Дене буылтықтарының саны 80-нен 450-ге дейін болады.

Әр буылтықта жорғалауға көмектесетін 8 немесе бірнеше ондаған қылтан орналасады. Арнайы сезім мүшелері болмағанымен, денесінде сезімтал жасушалар көп.

Тыныс алуы

Бүкіл денесімен, яғни тері арқылы тыныс алады.

Қанайналымы

Тұйық қанайналым жүйесі бар; гемоглобин болғандықтан қанының түсі қызыл.

Жүйке жүйесі

Жұтқыншақүсті жүйке түйіні және құрсақ жүйке тізбегін құрайтын көптеген түйіндерден тұрады.

Регенерация құбылысы жақсы дамыған. Әлемде 1500-ден астам түрі белгілі; ТМД аумағында шамамен 100 түрі кездеседі. Көпшілігі Lumbricidae (лумбрицидтер) тұқымдасына жатады.

Топырақта мекендейді. Ірі түрлері тереңдігі 8 м-ге дейін жететін ін қаза алады. Көбіне түнде немесе жаңбырдан кейін жер бетіне шығады (осыдан атауы). Шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді.

Жауынқұрттары — гермафродит. Жұмыртқалары бар кокондарын топыраққа салады.

1) Жаңа терминдер

Тақырыпты жеңіл меңгеру үшін мәтінде кездесетін жаңа терминдерді дәптерге көшіріп жазыңыз.

Целом
Буылтық құрттардың екінші реттік дене қуысы.
Параподия
Буылтық құрттардың қарапайым аяқтары.
Мегасколидес
Шұбалшаңдардың ең ірі өкілі.
Нефридия
Түтікше тәрізді зәр шығару мүшелері.
Трохофора
Буылтық құрттардың дернәсілі.
Мезодерма
Ортаңғы ұрық жапырақшасы (ортаңғы қабық).
Гирудин
Қансорғыш сүліктің қанды сұйылтатын заты.
Гиподерма
Теріасты қабаты (сыртқы жамылғымен байланысты қабат).
Сірқабық
Ең сыртқы қорғаныш қабық.

2) Оқулықпен жұмыс (топтық тапсырмалар)

Әр топ берілген тапсырманы оқулықтан оқып, жауаптарын параққа жазады.

I топ тапсырмалары

  • Целомның негізгі қызметі
  • Буылтық құрттардың зәр шығару жүйесі
  • Шұбалшаңның табиғатқа пайдасы

II топ тапсырмалары

  • Буылтық құрттардағы қанайналым жүйесі
  • Буылтық құрттардың қозғалыс мүшелері
  • Көпқылтанды буылтық құрттардың көбеюі

III топ тапсырмалары

  • Буылтық құрттардың сыртқы құрылысы
  • Буылтық құрттардағы жүйке жүйесі
  • Сүліктер — буылтық құрттардың арнайы класы

3) Өзіндік жұмыс

Әр топ бүгінгі тақырып бойынша 4 сұрақ дайындайды және басқа топтардың сұрақтарына жауап береді.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Суретпен жұмыс

Венн диаграммасы бойынша салыстыру жұмысын орындау.

Шығармашылық тапсырма

Әр топ тақырыпқа байланысты өз ойынан 4 жол өлең құрастырады.

Маңызы: табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі

Буылтық құрттар судағы биоценоздың қоректік тізбегіндегі маңызды буын. Кейбір түрлерін (мысалы, палоло-құртты) адамдар тағам ретінде қолданады. Қазіргі кезде балық шаруашылығында құрттардың кейбір түрлері жем ретінде арнайы өсіріледі.

Жауын құрттары ауыл шаруашылығында айрықша рөл атқарады. Ч. Дарвин олардың топырақты құнарландырудағы маңызын ерекше атап өткен.

  • Топырақты қазу арқылы өсімдік тамырларының еркін жайылуына жағдай жасайды.
  • Су мен ауаның топыраққа сіңуін және айналымын реттеуге ықпал етеді.
  • Топырақты қопсытып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы орта қалыптастырады.

V. Қорытынды

Негізгі түйіндер

  1. 1) Шұбалшаң оттегін тері арқылы сіңіреді.
  2. 2) Қозғалысы сақиналы және бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуына байланысты.
  3. 3) Жүйке жүйесі: жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты түйіндер, сондай-ақ құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.
  4. 4) Қызғылт түсті болуы — денені жақсы қамтамасыз ететін, гемоглобині бар қанның болуына байланысты.
  5. 5) Шұбалшаңдардың класы — азқылтанды құрттар.

VI. Үй тапсырмасы

  • § 44 оқу
  • Сұрақтарға жазбаша жауап беру
  • Сурет салу (тақырып бойынша)

VII. Бағалау

Әр топ өзін-өзі бағалайды, мұғалім қорытынды бағаны қояды.