Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Коучинг сабағының тақырыбы
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Жалпы мақсат
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Түйінді идея
- Жаңа ғасыр ағымына бейімделу.
- Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау.
- АКТ-ны сыныпта мұғалімді алмастыру құралы ретінде емес, оқу үдерісін қолдайтын тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу.
Күтілетін нәтиже
1
Оқыту мен оқуда АКТ-ның ерекшеліктерін біледі.
2
АКТ-ны пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгереді.
3
Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолданады.
4
АКТ-ның маңыздылығына көз жеткізеді.
Оқыту әдістері
- Диалог
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
- АКТ қолдану
- Бағалау әдістері
- Пікірталас, сұрақ-жауап
Тапсырмалар және бағалау
Формативті бағалау
- Стикер арқылы кері байланыс.
- Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау.
Орындау форматы
- Топтық тапсырма орындау және қорғау.
- Рефлексия.
Сабақта қолданылатын материалдар
A4 парақтары
Стикерлер
Интерактивті тақта
Компьютер
Фотоаппарат
Ұялы телефондар
Флипчарт
Маркер
Қалам
Слайдтар
Видеороликтер
Дереккөздер
- Әдеби материалдар
- Журналдар
- Портал материалдары
Сілтеме
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық: 110–116-беттер.
- Үлестірмелі нұсқаулық: 3-апта, 3-күн.