Сыйлық алғыларың келеме
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Білім беру саласы
- Шығармашылық
- Оқу іс-әрекеті
- Жапсыру
- Тақырыбы
- Аққала жапсыру
Мақсаты
- Тәрбиеленушілерге аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала жапсыруды үйрету.
- Қыс мезгілі туралы әңгімелету, ауызекі сөйлеуін дамыту.
- Әдемілікке, тазалыққа, шапшаңдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Төмендегі құрылым сабақ кезеңдерін рет-ретімен жүргізуге ыңғайлы етіп өңделді.
1) Дәлелдеу – ояту
Тәрбиешінің сөзі
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қане, көзімізді жұмып, Жаңа жыл шыршасына «барайық». Көзімізді ашып, Жаңа жыл әнін орындайық.
Ән шумағы
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жыл да жаңа нұр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Ал енді көзімізді жұмып, өз тобымызға қайта оралайық. Көзімізді ашып, шаттық шеңберін құрайық.
Балалардың әрекеті
Жаңа жыл әнін орындайды.
Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты күніміз,
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз тату дос болайық.
2) Ұйымдастыру – іздену
Сұрақ-жауап
- Қазір қай мезгіл?
- Қыста балалар қай мерекені асыға күтеді?
- Жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді?
- Аяз ата бізге не береді?
Жауаптар (күтілетін)
- Қыс.
- Жаңа жыл.
- Аяз ата.
- Сыйлық.
Қызықтыру сәті
Балалар, Аяз ата бізге келетінше әлі уақыт бар екен. Ол бізге базар аралап сыйлық алып жүр дейді. Сондай-ақ бізге кішкентай қалташасын жіберіпті. Ішінде сыйлықтар бар.
Сыйлықты сабаққа белсенді қатысқан балаларға таратамын.
Сыйлық алғыларың келе ме? Онда бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне мұқият қатысайық.
Негізгі ұғым
Сұрақ
Қыстың, әр үйдің ауласының сәнін келтіретін, қардан жасалатын не?
Жауап
Аққала.
Түсіндіру
Аққала қардан домалатып жасалады: негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды.
Аққаланың бөлшектері
- Көзі — тастан.
- Мұрны — сәбізден.
- Аузы — ағаштан.
- Қолына — сыпырғыш ұстатады.
- Басына — шелек кигізеді.
Сергіту сәті (саусақ жаттығуы)
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Шығармашылық жұмыс
Енді аққаланы жапсырайық.
Балалар аққаланы толық жапсырып болды ма? Олай болса, аққала туралы білетін өлеңімізді айтайық.
Өлең
Аула сырты, бақта да
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айналып,
Ойнаймыз біз шаттанып.
Аққала, аққала,
Сені жасап мақтана.
Қорғауменен жүреміз,
Бұздырмастан басқаға.
3) Рефлексиялық түзету
Талқылау
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?
Балалардың жауабы: Иә.
Аяз атаның сыйлығы белсенді қатысқан балаларға бағалау ретінде таратылады.
Қоштасу шеңбері
Орнымыздан тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.
Сау болыңыздар!