Теңізге пәрменінше құя салып, Мақтанды мырзасынып тауға барып

Ахмет Байтұрсынұлы

Даланың күнге күйіп, аптап өткен үстінен
Бұлт шықты қаптап көктен.
Қуанды шаруалар я, Құдайлап! ,
Жерді бір суарар деп қурап кеткен.
Жауар деп тұрды халық үміт етіп,
Тамбастан өте шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт құя салды,
Далаға қурап тұрған жаумай кетіп.
Теңізге пәрменінше құя салып,
Мақтанды мырзасынып тауға барып.
Тау айтты: Сен мақтанып келіп тұрсың,
Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.
Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге,
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге!
Не қайыр қазір сенің жауғаныңнан,
Сенсіз де су жетерлік теңіздерде!

* * *
Жиылып кеңес тындап отырғандар,
Ғибрат мұнан да бар алсаңыздар.
Бұлттай жерге жаумай, суға жауған
Қазақта іс ететін көп адамдар.
Жұмсамай тиісті орынға мал, өнерін
Біреулер жүреді, оған не амал бар?!
Мысалы, қазақ - дала, орыс - теңіз,
Даланы, шама келсе, көгертіңіз.
Мұң десең, мұқтаж десең - қазақта көп,
Емес пе мұны ойламақ міндетіңіз?
Мақал бар: Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, - деген, - досқа істеңіз .
Мен мұны арнап жаздым замандасқа,
Шаш қойған өзімменен ғамалдасқа.
Бұл сөзді сендерге айтпай, кімге айтамын,
Болады асыл таста, ақыл жаста.
Қарышта өз жұртыңа, барың болса,
өзге елдің өзінде көп бізден басқа.



Ұқсас жұмыстар

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Су ресурстарына пайдалануға жарамды жер үсті және жер асты сулары
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
Іздер. Мұхтар Әуезов
Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал
Теңіз деңгейінің ауытқуы мен денивеляциясы
Абайдың қара сөздері және оның тәрбиелік мәні
Педагогикалық жағдаяттар
Тау өсімдіктері
Бала тәрбиесіндегі еркектің рөлі
Көкшетауға саяхат
Қонақ үйде тамақтандыруды ұйымдастыру
Қалғанын қайда құямыз
Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан
Мені қабыңа салып, арқалап жүре бер
Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты
Орманға барып ағаш кес
Кешкілік одан басқа қуыршақ солдаттардың бәрін қорапшаға қайта салып, адамдар қалың ұйқыға шомды
Қараторғай бір кішкене қайыңға ұя салып, балапан шығарады
Біз әбден қожыратып барып, көзіңді жоймақшы болғанбыз