Тапсырмалар мен сұрақтарды талдау
Сабақ туралы мәлімет
Өткізілетін орны
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі негізгі орта қазақ мектебі
Мұғалім
Майманов Нуркан Джаныбекович (бастауыш сынып мұғалімі)
Тақырып
Құстар. Үй құстары
Мақсаты
1) Білімдік
Қанатты жануарлар — құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы, соның ішінде жабайы және үй құстарының өмір сүруі, дене бітімі, өсіп-дамуы жөнінде түсінік беру.
2) Дамытушылық
Құстарға қатысты халық болжамдарын, құстардың емдік қасиеттерін және үй құстарының пайдасын талқылай отырып, оқушының тілін дамыту, ой-қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру; қызығушылығын арттыру; өз ойын ашық айтуға және еркін сөйлеуге дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
Табиғаттың жаршысы — құстарды қорғауға тәрбиелеу, құстар туралы білімін кеңейту және үй құстарын күтіп-бағу мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі
- Слайдтар
- «Құстар әлемі» плакаты
- Қосымша иллюстрациялар және таратпа материалдар
Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
- Ойын
- Баяндау
- Проблемалық оқыту
- Ойға шабуыл
- Топтастыру
Сабақ түрі
Кіріктірілген сабақ (пәнаралық байланыс қарастырылады).
Ерекшелік
Құстар туралы қосымша мәліметті саз пәнінің мұғалімі жүргізеді.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары:
- Жануарлар дегеніміз не?
- Жабайы аңдар дегеніміз не?
- Жабайы аңдарды ата.
- Үй жануарлары дегеніміз не?
- Үй жануарларына нелер жатады?
- Неліктен оларды сүтқоректі жануарлар деп атаймыз?
- Жабайы аңдардың қандай пайдасы бар?
III. Ойға шабуыл
Суретті жұмбақтарды шешу арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе жасалады.
Жұмбақ 1
Өзі сақ, өзі ұсақ, Шықылықтап тұрмайды. Құйрығы ұзын, өзі ала — Бұл қандай құс?
Жауабы: Сауысқан
Жұмбақ 2
Көлдің көркі, сәні екен, Ұшқанда сазды ән екен. Ақындар оны мақтаған, Адамдар қорғап сақтаған — Бұл қандай құс?
Жауабы: Аққу
Жұмбақ 3
Тоқ-тоқ етіп, Ағашты ояды. Ондағы құрттарды Тауысып қояды.
Жауабы: Тоқылдақ
Жұмбақ 4
Жер көкті кезіп, Тамағын табады. Үйіме үйін Балшықтан салады.
Жауабы: Қарлығаш
Қосымша сұрақ
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
Жауабы: Бүркіт
IV. Жаңа сабақ
Жануарлар әлеміне әртүрлі тіршілік иелері жатады. Соның бірі — құстар.
Құстар — қанатты жануарлар. Олар өз бетінше тіршілік етеді, өсіп-дамиды және көбейеді.
Құстардың түрі өте көп, олардың көпшілігі табиғатқа және адамға пайдалы. Мысалы, егістікке зиян келтіретін жәндіктермен қоректеніп, табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Кейбір құстарды еті үшін де аулайды.
Құстардың негізгі топтары
- Жабайы құстар — табиғатта өздігінен тіршілік етеді.
- Үй құстары — адам қолында бағылады, күтім жасалады.
Пәнаралық байланыс
Құстар туралы қосымша түсінікті саз пәнінің мұғалімі толықтырады.
V. Сергіту сәті
«Құстар қайтып барады» әнін орындату.
VI. Оқулықпен жұмыс
- Мәнерлеп оқу
- Үзбей оқу
VII. Халық болжамдары
-
Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
-
Торғай терезеге қонса, күн суытып, аяз болады.
-
Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады. Ал аязды күні қанатын қақса, аяз қайтады.
-
Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылынады; аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады.
VIII. «Есіңе сақта!»
Табиғатты қорғау ережесі
Құстардың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе.
Табиғатты қорғау ережесі
Құстарды атуға болмайды.
IX. Тапсырмалар мен сұрақтарды талдау
Оқушылармен бірге берілген тапсырмалар мен сұрақтар талданып, тақырып бойынша түсінік бекітіледі.
X. Қорытынды
Ойын: «Бұл қай құс?»