Информатикадан сұрақ
ХХІ ғасыр — ақпараттандыру ғасыры
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 7–9 сыныптар арасында информатика пәнінен «Жүйрік болсаң, озып көр» атты танымдық сайыс өткізіледі.
Мақсаты
Оқушылардың информатика пәнінен алған білім деңгейін анықтау және логикалық ойлауын дамыту.
Қатысушылар
7–9 сыныптар. Әр сыныптан 2 оқушы қатысады.
Бағалау
Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Ұпай жинау арқылы жеңімпаз анықталады.
Әділқазылар алқасы
Әділқазы — ақ қазыға бір сәлем! Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір, сарапқа салып, әділдікпен шеше біл!
-
Есетов М.
-
Зарипова Қ.
-
Пазылбекова Ө.
Сайыс кезеңдері
Оқушылар білімдерін төрт кезең бойынша көрсетеді. Әр бөлімде жылдамдық, дәлдік және тапқырлық бағаланады.
I кезең — «Білімділер сайысы»
Компьютер — техниканың төресі, оза алмайды жарыста тар өрісі. Болсын дейміз жарысымыз жемісті — озып шықсын кім білімді, кім мықты!
Бағалау
Әр сұрақ — 1 ұпай.
-
Алғашқы есептеу құрылғысы.
-
Пернетақта дегеніміз не?
-
Бит деп нені айтады?
-
Компьютердің «атасы» деп кімді айтамыз?
-
Баспаға шығару құрылғысы қалай аталады?
-
Математикалық формулалар мен символдарды енгізуге арналған редактор.
-
Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама.
-
Компьютердің жанындағы өсімдік.
-
Мәліметтерді енгізу пернесі.
-
Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы.
Тартысайық сайыста — күш-жігермен. Тартысайық — қимас біз, дос көңілмен.
II кезең — «Қанша тілді білесің?»
Жұмбақтардың жауабын қазақша, орысша, ағылшынша — үш тілде айту қажет.
Ұпай
- Қазақша
- 5
- Орысша
- 10
- Ағылшынша
- 15
-
Мәліметтерді сұраған, экранға шығарған.
-
Компьютерден енеді, қағазға басып береді.
-
Windows дегеніміз не?
-
Ақпаратты сақтап, таратқан, жұртты өзіне қаратқан.
-
Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қалам — қағазсыз.
-
Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың.
-
Жақтаулар арқылы шектелген, экрандағы төртбұрышты аймақ.
III кезең — «Тапқырлар сайысы»
Бұл кезеңде оқушының логикалық ойлауы, жалпы білім аясы және информатика терминдерін меңгеруі тексеріледі.
-
Математика: 12 + 48 × 89 есебін компьютерде қалай шығарамыз?
-
Информатика: компьютердің «миы» деп нені атайды?
-
Тарих: ең алғашқы ЭЕМ қай жылы және қай жерде жасалды?
-
Информатика: дүниежүзілік компьютерлік желі қалай аталады?
IV кезең — «Кім шапшаң?»
Бұл бөлімде тармақталу командалары бойынша есеп беріледі. Тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындау қажет.
1-тапсырма
Төмендегі бағдарламада X = 3 болғандағы нәтижені анықтаңыз:
10 INPUT X
20 R = 3 * X ^ 2 - 7 * X + 2
30 ? R
2-тапсырма
X = 3 болғанда, төмендегі бағдарламалардың қайсысының нәтижесі -10 санына тең болады?
1)
10 INPUT X
20 Y = SQR(3 * X + 4 * X ^ 2 + 4)
30 ? Y
2)
10 A = 5 : INPUT X
20 T = X ^ 2 - A * X - 2
30 ? T
3)
10 INPUT X
20 R = 5 * X - X ^ 2 - 4
30 ? R
4)
10 INPUT X
20 R = 3 * X ^ 2 - 7 * X + 2
30 ? R
Қорытынды және марапаттау
Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушыға «Үздік информатик» атағы беріледі.
Енді информатика пәні бойынша үздік білім көрсеткен оқушыларды марапаттау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.