Жазбаша тарихтың дамуы
Сабақтың контексті
Бұл жоспар 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәні бойынша § 2 — «Тарихи жәдігерлер» тақырыбын оқытуға бағытталған. Негізгі назар тарихи деректердің түрлерін ажыратуға, жазбаша және заттай деректердің маңызын түсіндіруге, сондай-ақ қосалқы тарихи пәндердің зерттеу мүмкіндіктерін танытуға аударылады.
Пән
Қазақстан тарихы (5-сынып)
Тақырып
§ 2. Тарихи жәдігерлер
Жұмыс форматы
Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап
Сілтемелер мен дереккөздер
- Білім стандарты және пән бағдарламасы.
- «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығы (5-сынып): Артықбаев Ж. О., Сабданбеков Ә. Ә., Әбіл Е. Н.
- Интернет материалдары (қосымша деректер мен көрнекіліктер).
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Жалпы мақсат
Оқушыларды тарихи жәдігерлер мен тарихи деректердің негізгі түрлерімен таныстыру, дереккөздер арқылы тарихты зерттеудің маңызын ұғындыру және зерттеу дағдыларын дамыту.
Міндеттер
- Тарихи жәдігерлердің негізгі түрлерін (ауызша, жазбаша, заттай) түсіндіру.
- Қосалқы тарихи пәндердің мәнін ашу: археология, этнография, этнология.
- Жазудың даму кезеңдері туралы түсінік беру: пиктография, иероглифтер, шумерлік және египеттік жазбалар, финиктер жазуы.
- Жазбаша жәдігерлердің тарихи білім қалыптастырудағы маңызын дәлелдету.
- Заттай деректерге сүйене отырып зерттеу жүргізу жолдарын таныстыру және тапсырмалар арқылы бекіту.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар тарих ұғымын түсініп, Қазақстан тарихының жазбаша және заттай деректер арқылы зерттелетінін біледі.
- Топта жұмыс істеп, өзара пікір алмасу арқылы қорытынды жасауға дағдыланады.
- Ойын ашық, жүйелі және толық жеткізу мәдениетін қалыптастырады.
Негізгі идеялар
Оқушылар тарих ұғымының қалай қалыптасып, қалай дамитынын заттай және жазбаша деректермен жұмыс арқылы түсінеді. Тарихи жәдігерлерді талдау оқушыға өткенді дәлелмен тануға, дерекке сүйеніп ой қорытуға мүмкіндік береді.
Тапсырмалар мен жұмыс түрлері
Топтық жұмыс
Дерек түрлері бойынша ой бөлісу, мысал келтіру, ортақ қорытынды жасау.
Жеке жұмыс
Кесте толтыру және негізгі ұғымдарды жүйелеу.
Талқылау
Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпқа көпір құру және білімді бекіту.
Сабақ барысы (мұғалім және оқушы әрекеті)
I. Ұйымдастыру
-
1
Жағымды ахуал қалыптастыру
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, ынтымақтастық ортасын құру. (2 минут)
-
2
Топқа бөлу
Оқушыларды 3 топқа бөлу: ауызша, жазбаша, заттай. (2 минут)
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап форматында үй тапсырмасы тексеріледі. (5 минут)
- «Тарих» сөзі қандай мағына білдіреді?
- «Тарихтың атасы» деп кімді айтамыз?
- Шежірешілер мен жылнамашылар деген кімдер?
- Қазақстан тарихы қандай бөлімдерден тұрады?
Жеке жұмыс
«Тарих пәні» кестесін толтыру.
III. Жаңа сабақ
Миға шабуыл
Негізгі сұрақ: «Тарихи дерек дегеніміз не?» (3 минут)
Қосымша материалдар
- Тақырып бойынша толық нұсқаны жүктеу (материалдар жинағы).
- «Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері» (қысқа мерзімді жоспар) — толық нұсқасын қарау.