Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: Жабайы аңдар. «Тапқыр қоян»

Білім беру саласы: Коммуникация

Білім беру көзі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты

  1. 1 Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және не себепті «жабайы» деп аталатыны туралы түсінік қалыптастыру.
  2. 2 Ертегіні жоспар бойынша мазмұндатып айтқызу арқылы балалардың зейінін және байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
  3. 3 Табиғаттың бір бөлігі — жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ынталандыру және сезімді ояту

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін! Бәріңе сәттілік тілеймін!

Ой қозғау

  • Бейнеролик тамашалау.
  • Талқылау: «Бейнежазбадан нені көрдік?»

2) Ізденіс және ұйымдастыру

Сұрақтар арқылы әңгімелеу

  • Жабайы аңдарға нелер жатады?
  • Неліктен оларды «жабайы аңдар» дейміз?

Балаларға жабайы аң — қолға үйренбеген түз жануары екені түсіндіріледі. Олар өз бетімен табиғатта тіршілік етеді. Кейбірі орманда, кейбірі далада, ал кейбірі таулы жерде мекендейді.

Венн диаграммасы: үй жануары мен жабайы жануарды салыстыру

Үй жануарлары

Мысал: төрт түлік мал.

Жабайы жануарлар

Мысал: арыстан, барыс және т.б.

«Кубизм» әдісі (топтық жұмыс)

Балалар 3 топқа бөлінеді. Кубикті домалатып, түскен сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп сипаттайды.

Үлгі

Қасқыр — жабайы аң. Ол орманда мекендейді. Қасқырдың баласы — бөлтірік.

Ертегімен жұмыс

  • «Тапқыр қоян» ертегісін мәнерлеп оқу.
  • Суреттер арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.
  • Сұрақ-жауап арқылы балалардың түсіну деңгейін анықтау.

Дыбыстық жаттығулар

Ыр – ыр – ыр

ырылдайды

Кі – кі – кі

бұлаңдайды

Ян – ян – ян

жүгіріп жүр

Тілдік жұмыс

  • «Жабайы», «аңдар» сөздерінің жуан және жіңішке естілуін анықтау.
  • Осы сөздерді буынға бөлу.

Сергіту сәті

«Сұр қоян» өлеңі бойынша қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Шығармашылық тапсырма

«Бес жол өлең» әдісі арқылы ертегідегі қоянды сипаттау.

3) Қорытындылау

Сабақ қорытындыланады. Балаларға сұрақтар қойылады:

  • Бүгін біз не туралы әңгімелестік?
  • Қандай ертегімен таныстық?

Белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Күтілетін нәтиже

Біледі

Жабайы аңдардың ерекшеліктерін, мекенін және қоректенуін ажыратады.

Меңгереді

Сөздік қорын толықтырады, байланыстырып сөйлеуге және мазмұндап айтуға машықтанады.