Мақал мәтел айту
Сабақтың тақырыбы
Ғ. Қайырбеков — «Ана тілі».
Сабақтың мақсаты
Өлеңді мәнерлеп оқуға және мазмұнын жүйелі түсінуге жағдай жасау. Өлең арқылы қазақ тілінің қасиеті мен құдіретін танытып, оқушыларды таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Ой белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың міндеттері
- Оқылған шығарма туралы өз пікірін айтып, оны дәлелдеуге және эмоционалдық қатынасын көрсете білуге үйрету.
- Сюжеттің композициялық бөліктерімен таныстыру; өлеңнен табиғат суреттерін тауып, сезіне білуге дағдыландыру.
Сабақтың форматы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері
- Түсіндірмелі-иллюстративті
- Сұрақ-жауап
- Ой қозғау
- Пікір алысу
- Ойын
Көрнекіліктер
- Техникалық құралдар
- «Адасқан жолдар» ойыны
- Аңыз мәтіні
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ ережелері:
- Ұйымшылдықпен қатысу.
- Бір-бірін мұқият тыңдау.
- Сұрақтарға нақты жауап беру.
- Белсенділік таныту.
- Ойды жүйелі жеткізе білу.
II. Психологиялық тренинг
«Жылы сөз» жаттығуы.
III. «Ұйқасын тап» ойыны
Берілген жолдардағы көп нүктенің орнына сәйкес сөздерді табу.
Ана тілім — ұраным, Ана тілім — құралым. .............. болмаса, Болмас еді жыр, әнім. Қазақ тілім — өз тілім, .... Абай, Мұхтар сөйлеген — дана тілім. Қастерлейді ұл-қызым — мәңгі сені, Қуанышым, бақытым — дара тілім. Айналайын халқымнан, Айналайын даңқыңнан. .............. бағасы, Қымбат екен алтыннан. Құндағында бесіктің, .............. үйрендім. Сол арқылы бой жазып, Азамат боп өсемін.
IV. Ой қозғау
«Ана тілі» сөзіне түрлі ассоциациялар ойлау, ортақ ойды жинақтау.
V. Аңыз
«Тілден қымбат қазына жоқ» тақырыбындағы аңыз арқылы тілдің өмірдегі орны мен құндылығын талқылау.
VI. Даналардан қалған сөз
Үш бидің тіл, сөз мәдениеті және елдік туралы нақылдарына сүйене отырып, ой түю.
VII. Жаңа сабақ
- Автор туралы қысқаша мағлұмат.
- Өлеңді мәнерлеп оқу және мазмұнын түсіндіру.
VIII. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді іштей оқу, негізгі ойды анықтау, жаңа сөздермен жұмыс.
IX. «Адасқан жолдар» ойыны
4 топ әр шумақты өз ретімен құрастырады, кейін түсінгенін мазмұндап береді.
X. «Біліміңді байқап көр»
I топ
Мақал-мәтел айту.
II топ
Өздері білетін өлең шумақтарын айту.
III топ
Нақыл сөздер келтіру.
IV топ
Ана тілі туралы ән айту.
XI. «Мен не айтқым келеді?»
Қимылмен көрсетілген мақалдарды табу және мағынасын түсіндіру:
- Басқа бәле — тілден.
- Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
- Өнер алды — қызыл тіл.
- Ең ащы да — тіл, ең тәтті де — тіл.
XII. Өз ойыңды жеткізе біл
Нақыл сөздің мазмұнын ашу: «Тілге деген құрмет — елге деген құрмет».
XIII. Шығармашылық тапсырма
«Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» деген ойды негізге алып, көркем сөздерді пайдалана отырып, берілген сурет бойынша табиғатты шағын әңгімемен баяндау.
XIV. Сабақты бекіту
- «Тез тап» психологиялық тренингі.
-
Ана тілің — ертегің, Ана тілің — өркенің. Ана тілің — ертеңің, Қадірле ана тіліңді, Жүрегіңнің бөлшегін!
XV. Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- «Ақын өлеңінен алған әсерім» тақырыбында шығарма жазу.
XVI. Қорытынды
Оқушылардың жұмысы мадақталып, бағаланады.