Сайысымыздың ережесі

Кіріспе сөз

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Ел Президенті атап өткендей, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін сауаттылығы жоғары қоғам қалыптастыруымыз қажет. Бұл міндетті орындау — әрқайсымызға тікелей байланысты.

Бүгінгі білім беру саласына қойылатын басты талап — өз ойы мен пікірі бар, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қабілетті әрі құзыретті тұлға тәрбиелеу. Осы жолда мұғалім мен оқушыға жүктелер жауапкершілік те зор.

«Оқушы қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап іздесек, оның бір қыры мәдениет пен сыртқы келбетке, соның ішінде киім үлгісіне келіп тіреледі. Сондықтан бүгін біз «оқушының киімі қандай болуы тиіс?» деген мәселені талқылап, бірыңғай мектеп формасының қажеттілігіне қатысты ойымызды таразылаймыз.

Білімділік мақсаты

Оқушыларды жан-жақты ізденіске баулу; мектеп формасының бірыңғай мектеп ережесінің бір тармағы екенін ұғындыру; тәртіп пен тәрбиеде форманың орны туралы көзқарас қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты

Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз ойын анық әрі толық жеткізуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға бағыттау.

Тәрбиелік мақсаты

Бірыңғай мектеп формасының тиімді және тиімсіз жақтарын көрсету; оқушылардың ой-пікірін дамытып, дүниетанымын кеңейту мақсатында рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Неге бұл тақырып өзекті?

«Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, Қазақстан мектептеріне бірыңғай мектеп формасын енгізудің де артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Осы пікірсайыста біз дәлелдер мен мысалдарға сүйене отырып, мәселені жан-жақты қарастырамыз.

Пікірсайыстың құрылымы

I. Кіріспе

  • Екі фракцияда да үш спикерден болады.
  • Екі фракцияның спикерлері өздерін таныстырады.

II. Негізгі бөлім

  • Спикерлер аргументтерін дәлелдермен, мысалдармен, статистикалық мәліметтермен негіздейді.
  • Екі фракция өз ұсыныстары мен толықтыруларын ұсынады.
  • Фракциялар бір-біріне сұрақ қояды.

III. Қорытынды

  • Қатысушылар карточкалар арқылы дауыс береді.
  • Төрешілер дауыс нәтижесін жариялайды.
  • Жалпы қорытынды шығарылады.

Ережелер мен тәртіп

Сайыс ережелері

  • Бос айтыс-тартыстан аулақ болу.
  • Қарсыласты тыңдау және сыйлау.
  • Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.
  • Сұрақ-жауапқа берілген уақытты тиімді пайдалану.
  • Қосымша сұрақтарға дайын болу.

Ұйымдастыру тәртібі

Пікірсайыс басталар алдында жеребе тартылып, қай фракцияның бірінші бастайтыны анықталады.

Алдымен таныстыру кезеңі өтеді: әр топ өз құрамын таныстырады. Уақыт: 1 минут.

Одан кейін негізгі кезең басталады: спикерлер өз пікірін айтып, дәлел келтіріп, қажетті фактілер мен статистикалық мәліметтерді ұсынады. Жақтаушы және даттаушы тарап әр дәлел бойынша кезектесіп сөйлейді. Уақыт: 3 минут.

Төрешілер

Сайысымыздың төрешілері: ____________________________________

Жүргізушіге арналған қысқа мәтін

Қарсыластар өздерін таныстырып болған сияқты. Енді негізгі кезеңге кезек берейік. Бұл кезеңде оқушылар өз пікірін білдіріп, оны дәлелдейді, қажетті фактілер, мысалдар және статистикалық мәліметтер келтіреді.

Жақтаушы және даттаушы тараптың спикерлері әр дәлел бойынша кезектесіп сөйлейді. Уақыт шектеулі: 3 минут.