Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу
Сабақ туралы мәлімет
Пән
Қазақ тілі
Сынып
4-сынып (түзете-дамыта оқыту)
Сабақтың тақырыбы
Зат есім
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Зат есім туралы білім мен білікті еске түсіріп, толық қалыптастыру; күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
- Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру: оның заттың, құбылыстың, ұғымның атауы екенін түсіндіру.
- Грамматикалық ұғымдарын кеңейту, сөйлем ішіндегі зат есімді дұрыс танып, сұрақ қоя білуге үйрету.
- Жаңа ұғым қалыптастыру: деректі және дерексіз зат есім.
Дамытушылық
- Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын дамыту.
- Шығармашылық қабілеттерін байқату және жетілдіру.
- Сауатты әрі көркем жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Ана тілін сүюге, адамгершілік пен ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
- Белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа үйрету.
- Ұжымдық жұмыс барысында өз бетінше ойлауға және ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың міндеті және түзету жұмысы
Міндеті
Тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы зат есім туралы білімді еске түсіру және бекіту.
Түзету жұмысы
- Оқушылардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту.
- Ұжымдағы шығармашылық белсенділігін арттыру.
Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдер, көрнекілік
Пәнаралық байланыс
- Әдебиеттік оқу
- Дүниетану
- Өзін-өзі тану
Әдіс-тәсілдер
- Көрсету, әңгімелесу, түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Ауызша және жазбаша жұмыс
- Кесте, дидактикалық карточкалар
- Суреттер, плакатпен жұмыс
Көрнекілігі
- Сөзжұмбақ
- Кестелер
- Слайд
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
Бестік болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
I. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, жаңа тақырыпқа бағыттау.
II. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындығын тексеру.
III. Үй тапсырмасын тексеру (қайталау)
Төмендегі сөздер қай сөз табына жатады?
Етістік
жарысады, түсінеді, ұмтылды, озды
Сын есім
әдепті, көкшіл, кең, тәтті, тұнық
Сан есім
үш, жетінші, алтау, жиырма бес
IV. Өткенді пысықтау: «Гүл таңдау» ойыны
Сөзжұмбақ сұрақтарына жауап беріп, дұрыс сөздерді табу:
-
Адамның көру мүшесі — көз
-
«Ақкөл жағасында» әңгімесінде көл жағасында балалармен кездескен — Ахмет
-
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі — түбір
-
Нашар баға — екі
-
Сандарды арттыратын математикалық амал — қосу
-
Астана қаласының маңындағы өзен — Есіл
-
Тышқанның жауы — мысық
V. Жаңа сабақ: Зат есім
1) Күн ретін жазу
Дәптерге бүгінгі күнді, айды және сабақ тақырыбын жазу.
2) Көркем жазу
Дәптерге С, с әрпін әдемі әрі дұрыс жазу.
3) Сөздік диктант
Астана, қала, Алатау, тау, Жайық, өзен, Құлагер, жылқы.
Есіңе сақта!
Заттың атын білдіретін сөздер зат есім деп аталады.
Зат есімдерге кім?, не?, кімдер?, нелер? сұрақтары қойылады.
Зат есімнің түрлері: негізгі, туынды, жекеше, көпше, жалқы есім, жалпы есім.
Кім? Не? — жекеше түрге, ал Кімдер? Нелер? — көпше түрге қойылатын сұрақтар.
Автор туралы
БҚО, Теректі ауданы, Подстепное ауылы, Подстепный №1 ЖОББМ.
Түзете-дамыта оқыту сыныбының оқытушысы: Уразова Альфия Сатхановна.