Отынның энергиясы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып
§11. Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы (слайд арқылы)
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі
Плакаттар, слайдтар, карточкалар

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеуді үйрету.

Дамытушылық

Оқушының ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау.

Тәрбиелік

Алғырлыққа, жауапкершілікке және саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сыныпты жаңа сабаққа даярлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Топтастыру» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау және негізгі ұғымдарды жинақтау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Ертеде адамдар үйлерін жылыту және ас дайындау үшін ағаш, көмір, шымтезек сияқты отын түрлерін пайдаланған. Қазіргі уақытта отын ретінде табиғи газ, мұнай және мұнай өнімдері кең қолданылады.

Денелерді қыздыру үшін энергия қажет, ал энергияның ең жиі алынатын көзі — отынның жануы.

Энергия не үшін бөлінеді? Молекулалардың атомдардан құралатыны белгілі. Мысалы, су молекуласы бір оттегі атомы мен екі сутегі атомынан тұрады. Молекуланы атомдарға ажыратуға болады, бұл құбылыс химиялық айрылу реакциясы деп аталады.

Молекуланы атомдарға бөлу үшін атомдардың өзара тартылыс күшін жеңіп, жұмыс істеу керек, яғни энергия жұмсалады. Ал тәжірибелер керісінше, атомдар бірігіп молекула түзгенде (отын жанғанда) энергия бөлінетінін көрсетеді. Отынды қолдану дәл осы құбылысқа негізделген.

Көптеген отын түрлерінің (көмір, мұнай, бензин және т.б.) құрамында көміртегі болады. Жану кезінде көміртегі атомы оттегінің екі атомымен қосылып молекула түзеді. Осы молекула түзілген сәтте энергия бөлініп шығады.

Отын түрлері

  • Көмір
  • Шымтезек
  • Ағаш
  • Мұнай
  • Табиғи газ

Жанудағы энергияның қолданылуы

  • Жұмыс атқару
  • Жылу алмасу арқылы басқа денелерді қыздыру

Әр отын түрі үшін 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін тәжірибе арқылы анықтайды. Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін сипаттайтын физикалық шама отынның меншікті жану жылуы деп аталады.

Белгіленуі: q

Өлшем бірлігі: Дж/кг

Формула:

Q = q·m

Мұндағы Q — бөлінетін жылу мөлшері, q — меншікті жану жылуы, m — жанған отынның массасы.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Физикалық диктант арқылы негізгі ұғымдарды жүйелеу және формуланы қолдану дағдысын бекіту.

V. Қорытындылау

Кеспе қағаздар арқылы жаңа тақырып бойынша сұрақтар беріледі:

  1. Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады?
  2. Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді? Ол қандай әріппен белгіленеді және қандай бірлікпен өлшенеді?
  3. Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?
  4. Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
  5. 5 кг антрацит толық жанғанда қайсысынан көп жылу бөлінеді? (Салыстыру және негіздеу.)
  6. Құрғақ ағаш толық жанғанда 50 000 кДж энергия бөлінсе, ағаштың массасы қандай?
  7. Көлемі 2 л керосин толық жанғанда қанша жылу бөлінеді?
  8. 210·108 Дж жылу алу үшін қанша тас көмір жағу керек?
  9. Көлемі 4 л бензин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
  10. Егер массасы 10 кг ағаш көмір жанғанда 340 МДж энергия бөлінсе, меншікті жану жылуы неге тең?

VI. Үй тапсырмасы

§11 тақырыбын оқу, Q = q·m формуласын қолданып есептер шығару.

VII. Бағалау

Сабақтағы белсенділік, жауаптардың нақтылығы және есеп шығару барысы бойынша бағалау.