Алмабектің жайқалып өскен ағашының суретін салу
Сабақ тақырыбы
Б. Соқпақбаев. «Ағаштар неге ашуланды?» (4-сынып)
Қысқаша сипаттама
Бұл жоспар аралас сабақ форматына құрылған. Оқушылар мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ой мен идеяны ашады, табиғатты аялау құндылықтарын бекітеді және мәнерлеп оқу, ой қорыту дағдыларын дамытады.
Мақсаты
-
Оқушыларды мәтін мазмұнымен және Б. Соқпақбаев шығармаларымен таныстыру; негізгі ойды, идеяны ұғындыру; ағаштар туралы білімін кеңейту; мәнерлеп оқу және белсенді оқуға дағдыландыру.
-
Байланыстырып, жүйелі сөйлеуін дамыту; шығармашылық және танымдық қабілеттерін жетілдіру.
-
Табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу; жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге бағыттау.
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақ әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Көрнекіліктер
Б. Соқпақбаевтың суреті, сызба, иллюстрациялар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз – еңбектену
Білімді болып топты жару,
Білікті болып өмірге ену.
II. Үй тапсырмасын тексеру және қорытындылау
Өткен сабақ бойынша сұрақтар арқылы қайталау жүргізіледі:
-
Өткен сабақта қандай шығарма оқыдық?
-
Компас деген не?
-
Қанатқа әкесі не сыйлаған еді?
-
Компасқа қатты қызыққан кім?
-
Балалар қайда барды?
-
Бодан компасты не істеді?
-
Боданның қылығын қалай бағалайсың?
-
Оның орнында сен болсаң не істер едің?
III. Қызығушылықты ояту
Ребус шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығу.
Жауабы
Ағаш
IV. Ой ашар
-
1
Ағаштар туралы не білеміз?
-
2
Ағаштардың қандай пайдасы бар?
-
3
Қалай ойлайсың, ағаштар адамға не үшін ашулануы мүмкін?
Бүгін Б. Соқпақбаевтың тағы бір әңгімесі — «Ағаштар неге ашуланды?» мәтінімен танысамыз.
V. Жаңа сабақ
Мұғалім мәтіннің I бөлімін оқып береді.
«…Ә, бәлем, Алмабек, қолымызға түстің бе?» — деген ашулы дауыстар жамырап естілді…
Әрі қарай не болатынын мәтінді өзіміз оқып танысамыз.
VI. Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма
Тізбектей оқыту: II бөлімді жалғастырып оқу.
2-тапсырма
Жай оқу: мәтінді толық әрі түсініп оқу.
VII. Ой қозғау
-
Алмабектің жіберген қателігі неде?
-
Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
-
Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?
-
Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?
-
Кәрі еменнің сөзін тауып, мәтіннен оқып берейік.
VIII. Сызбамен жұмыс
Алмабектің кінәсін сызбаға сүйеніп толықтырамыз:
Жас ағашты уақтылы суармады
Түбін қопсытпады
Табиғатқа қастандық жасады
Ерінді
Қорытынды
Алмабектің айыбы — жауапсыздық.
IX. Сергіту сәті
Тыныш, жайлы орман атмосферасын елестету: құстардың дауысы мен судың сыбдыры тыңдатылады. Оқушылар көздерін жұмып, қысқа релаксация жасайды.
X. Проблемалық сұрақтар (дүниетанумен байланыстыру)
-
1
Ағаш отырғызу не үшін керек?
-
2
Көгалдандырудың маңызы неде?
XI. «Сен білесің бе?» — жаңа ұғым
Қазақстандағы адам денсаулығына пайдалы өсімдіктердің бірі — ағаш тектес немесе бұтақ тәрізді арша. Арша — табиғи «фармацевт»: ол бөліп шығаратын фитонцидтер ауаны тазартып, адамға пайдалы таза орта қалыптастырады.
Шаң
Жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтады.
Оттегі
Айналасына 1,5 мың литр оттегі бөледі.
Тазарту
Арша орманының 1 гектары жылына ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, 50–65 тоннаға дейін шаң-тозаңды сүзе алады.
Қазақ халқы аршаны «денсаулық ағашы» деп атайды. Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өседі, ал 500–600 жыл — арша үшін қалыпты жас саналады.
XII. «Жалғасын тап»
Мақалдарды толықтырып, дәптерге жазу. Содан кейін олардың мәтінмен байланысын талқылау.
1. Ер еңбегімен …
2. Еріншек езілумен …
3. … ертеңі бітпес.
Талқылау
Бұл мақалдардың мәтіндегі еңбек, жауапкершілік және еріншектік тақырыптарымен байланысы бар ма?
XIII. Жағдаяттық тапсырма
«Осындай жағдайда сен не істер едің?» сұрағы арқылы оқушының таңдауын, жауапкершілік ұстанымын дәлелдету.
XIV. Ой қорыту
Ағаштардың пайдасы мен қасиеті туралы ойды бекіту. Ағашқа қатысты тыйым сөздерді еске түсіру және жаттау:
-
Жалғыз ағашты кеспе.
-
Жас бұтақты сындырма.
-
Көк шөпті жұлма.
XV. Топтастыру
Сызбаға сүйене отырып, Б. Соқпақбаевтың шығармаларына талдау жасау (тақырып, идея, кейіпкер әрекеті, қорытынды).
XVI. Сабақты қорытындылау
Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқығанда өзіңе қандай ой түйдің?
XVII. Үй тапсырмасы
Мәтінді оқу және мазмұндау.
Алмабектің жайқалып өскен ағашының суретін салу.
XVIII. Бағалау және аяқтау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсінуі, жауаптарының дәлелділігі мен белсенділігі бойынша бағалау. Сабақты қорытындылап аяқтау.
Б. Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Маймақова Қаламқас Сұлубекқызы