Табиғат туралы тыйым сөздер

Жануарлар дүниесін қорғау

Сабақтың мақсаты

1) Білімді тексеру және жүйелеу

Оқушылардың жануарлар туралы алған білімін тексеру және тиянақтау. Қызыл кітап туралы негізгі мағлұмат беру.

2) Ойлау мен шығармашылықты дамыту

Оқушыны ойландыру, өздігінен ізденіске жетелеу, қиялын дамыту, ойын тұжырымдата білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту және шығармашылығын дамыту.

3) Экологиялық тәрбие

Табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың формасы

Топпен жұмыс

Көрнекілігі

Слайдтар

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Ой сергіту
  • Ой түйін
  • Талдау-жинақтау

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Бастау

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, бір-біріне жақсы тілектер айту.
  • Жануарлар суреттері арқылы топқа бөлу.
  • Топ атауын бекіту, топ басшысын сайлау.

2) Өтілгенді қайталау

Қайталау

Ой сергіту (1-слайд)

  • Ғалымдардың есептеуі бойынша Жер бетінде жануарлардың қанша түрі бар?
  • Жануарлар неше топқа бөлінеді?
  • Омыртқасыз жануарлар туралы не білесің?
  • Омыртқалы жануарлар туралы не білесің?

Ой қозғау (2-слайд)

Әр топқа жануарлар топтары бойынша материал таратылады. Оқушылар өздері білетін мәліметтерге сүйене отырып, топтың сипаттамасын береді. Топ мүшелерінің пікірі тыңдалып, қорытынды жасалады.

Артық болмас білгенің (3-слайд)

Жануарлар туралы қызықты деректер жинақталып, қысқаша талқыланады.

Мекен ету ортасы (4-слайд)

Жануарлар суда, құрлықта және топырақ арасында тіршілік етеді.

Ойын

Жануарларды мекен ету ортасына қарай орналастыр.

Табиғаттың адам өміріндегі рөлі (5-слайд)

Табиғат — өсімдік, жануар, құстар, таза ауа және басқа да тіршілік негізі. Топтарға өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың, жыртқыш аңдардың және бунақденелілердің табиғаттағы рөлі бойынша тапсырмалар бөлінеді.

3) «Білгенге маржан»: Қызыл кітап және қорықтар

Маңызды

Оқулықпен жұмыс (6-слайд)

  • Қызыл кітап туралы не білеміз?
  • Қазақстанда Қызыл кітап қай жылдары өңделіп шықты? (1977, 1991, 1996)
  • Мақсаты: саны азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.
  • 148-бет: суреттегі белгі нені білдіреді? Өз ойыңды әңгімеле.

Табиғи қорықтар

  • Табиғи қорықтар туралы не білеміз?
  • Қазақстандағы мемлекеттік қорықтарды ата (суреттер арқылы).

Дәптермен жұмыс

  • «Қызыл кітап» ұғымына анықтама жазу.
  • Мемлекеттік қорықтардың атауларын жазу.

4) «Табиғатты аялайық» тапсырмалары

Топтық жұмыс

1-топ

Табиғат туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер.

2-топ

Табиғатқа қатысты тыйым сөздер.

3-топ

Табиғат туралы өлеңдер мен жырлар.

4-топ

Табиғатқа қатысты дәстүрлер.

5-топ

Киелі, қасиетті жануарлар туралы әңгімелеу.

5) «Сауал бізден – жауап сізден»

Бағалау

Тест тапсырмасы орындалады. Нәтижесі сол жерде тексеріліп, оқушылар өзін-өзі бағалайды.

6) Ой түйін

Қорытынды

Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған ең күрделі мәселелердің бірі — Табиғат-Ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдалану және келесі ұрпаққа аман жеткізу. Ендеше, біз табиғатты қалай қорғаймыз?

  • 1

    Бір ағаш кессең — он ағаш ек.

  • 2

    Судың да сұрауы бар. Суды үнемдейміз, ластауға жол бермейміз.

  • 3

    Орман-тоғайды, саябақтар мен бақтарды қоқыстан тазалаймыз, өрттің алдын аламыз.

  • 4

    Аң-құсты рұқсатсыз атуға тыйым саламыз, жануарларға қамқорлық жасаймыз.

  • 5

    Экологиялық үгіт-насихат жүргіземіз, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырамыз.

7) Бағалау

Оқушылар бағалау парағы бойынша бағаланады.

8) Үй тапсырмасы

147–150-беттерді оқып, түсінгеніңді әңгімелеп келу (10-слайд).