Жұмбақтар шешіп антонимді табу

Сабақ барысы

Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталады: амандасу, оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтарда омоним мен синоним тақырыптары қарастырылғандықтан, бүгінгі сабақты топтық сайыспен бастау ұсынылады.

1-топ

«Сүйіктілер мен сүйкімділер»

Синонимдерге қатысты өздері дайындаған өлеңдер, мақал-мәтелдер және ұлағатты сөздерді оқиды.

2-топ

«Ойлылар мен ойлы жерлер»

Омонимдер тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құрастырып, сыныпқа ұсынады.

Сөзжұмбақ сұрақтары (омоним тобы)

  1. 1 Саудагердің мақсаты.
  2. 2 Есікті ашатын құрал.
  3. 3 Есімше тұлғасындағы етістік.
  4. 4 Білім бұлағы.
  5. 5 Оқушының мақсаты.

«Топтастыру» әдісі: сұрақ-жауап

Әр топтан екі оқушы шығып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

1) Лексика нені зерттейді?

2) Етістікке байланысты синонимдерге мысал келтір: амандасу, сәлемдесу, есендесу.

3) «Күннің көзі» тіркесіндегі көз сөзі қандай мағынада қолданылған?

4) «Білген кісі тауып айтады, білмеген қауып айтады» сөйлеміндегі ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсет.

Ой атасы — жұмбақ

Әр топқа жұмбақтар беріледі. Оқушылар жауабын табуы керек.

Жер атымын, мені іздеп қайтасың.
Қыз есімі деп те мені айтасың.
Ол екеуі аздық етсе, мені ұстап,
Той-думанда музыка да тартасың.
Жауабы: баян
Таңғаларлық бір ит бар:
Үй бағады, үрмейді.
Аяғы жоқ, жүрмейді.
Рұқсатсыз сол иттен
Ешкім үйге кірмейді.
Жауабы: құлып

Жаңа сабақ: Антонимдер

Кіріспе (шағын шежіре)

Ерте, ерте, ертеде Лексика деген қарт өмір сүріпті. Оның үш баласы болыпты: үлкені — Омоним, ортаншысы — Синоним, кішісі — Антоним. Бір күні әкесі ұлдарын шақырып: «Дүниеде не тәтті?» — деп сұрапты.

  • Омоним: «Түс».
  • Синоним: «Бал, шекер, қант».
  • Антоним жауап бермепті.

Анықтама

Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

дос — дұшпан алыс — жақын биік — аласа ақ — қара

Антонимдердің жасалу жолы

Антонимдер әртүрлі сөз таптарынан жасала алады. Төмендегі мысалдарға назар аударайық.

Зат есім

Дос — дұшпан

Сын есім

Арық — семіз

Үстеу

Ерте — кеш

Етістік

Кіру — шығу

Жалпы мысал

Өтірік — шын

Дәптермен жұмыс

Берілген өлең жолдарынан жұп антонимдерді табыңдар.

Қараңғы қанша дүниеде — дүниеде қанша жарық бар.
Ұсақтар қанша дүниеде — дүниеде қанша алып бар.
Қашырар қуат-пәрменді — дүниеде небір жасық бар.
Сарқылтар адам дәрменін — көз жеткізбейтін қашықтар.

Сергіту сәті

Жұмбақтардың шешуін тауып, ішінен антонимдік жұптарды анықтаңдар.

Асты тас, үсті тас,
От астында піскен ас.
Жауабы: таба нан
Бүгін киген ақ тоным,
Ертең болар қара тон.
Жауабы: жер

Бекіту

Қорытынды сұрақ: антонимдер қай сөз таптарынан жасалады?

Үй тапсырмасы

96-жаттығу.

Бағалау

Сабақ барысында топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлдігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.