Сақтардың әлеуметтік құрылысы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Сақтардың қоғамдық құрылысы

Сабақтың типі

Дағды мен білікті қалыптастыру

Сабақтың түрі

Ойын-сабақ

Оқыту әдістері

Ойын, сұрақ-жауап, баяндау

Көрнекіліктер

Қазақстан картасы, тірек сызба, парақшалар, «Қазақтың көне тарихы» кітабы

Мақсаттар

Сабақтың мақсаты

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы мен әскери демократияның пайда болу ерекшеліктерін түсіндіру; ерікті қауым мүшелерінің тәуелді адамдарға айналу үдерісін, таптар мен мемлекеттің қалыптасуын талдау.

Дамытушылық мақсаты

Бұрынғы білімді қайталау және жүйелеу арқылы ойлау, талдау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Ата-баба тарихын құрметтеуге, тарихи мұраға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың құрылымын қысқаша түсіндіру, жұмыс тәртібін белгілеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау

1) «Лаконикалық ойын»

Қысқа сөз (тірек ұғым) айтылады, оқушылар сол сөзге қатысты өз ойларын білдіреді.

  • Төрт түлік мал
  • Геродот
  • Жылқының екі түрі
  • Отырықшылық
  • Күймелі арба

2) «Жорға» ойыны (сұрақ-жауап)

Әр сұрақ ұпаймен бағаланады. Оқушылар жауап беріп, білімін бекітеді.

Ұпай
Сұрақ
Жауап
10
Грек авторлары сақтарды кімдер деп атады?
Азиялық скифтер
20
Сақ тайпаларына тән антропологиялық ерекшеліктер:
Бас сүйегі шағын, беті едәуір жалпақ, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, көкірегі дөңес
15
Сақ тайпалары туралы деректер кімдердің жазбаларында сақталған?
Парсы және грек
5
Сақтардың көпшілігі қандай шаруашылықпен айналысты?
Мал шаруашылығы
15
Киіз үй қай уақыттан пайдаланыла бастады?
Б.з.б. I мыңжылдық
25
Сақтарда жылқының қандай түрлері болды?
Жатаған (қарабайыр) және мініс жылқы
30
Егіншілікпен айналысқан өңірлер:
Жамбыл обл., Талғар қаласы маңы, Алатау елді мекені, Сырдарияның оңтүстік аңғары, Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда
15
Парсы жазбаларында сақтарды қалай атады?
Құдіретті еркектер
20
Сақтар қай елдермен қатынас жасады?
Ассирия және Мидия (б.з.б. VI ғ.)

III. Үй тапсырмасын өзектендіру

Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы білімді еске түсіре отырып, жаңа сабақтың тақырыбы анықталады: «Сақтардың қоғамдық құрылысы».

IV. Жаңа сабақ

Тақырып

Сақтардың қоғамдық құрылысы

Жоспар

  1. Сақтардың әлеуметтік құрылысы
  2. Мүлік теңсіздігінің пайда болуы

Бұл бөлімде әскери демократияның белгілері, қоғамдағы әлеуметтік топтардың орны, сондай-ақ мүліктік жіктелудің күшеюі арқылы таптық қатынастар мен мемлекеттілік нышандарының қалыптасуы қарастырылады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}