Бастауыштар кім. Кім шапшаң

Сабақтың тақырыбы

Баяндауыш

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Негізгі мақсат

Баяндауыш туралы түсінік беру, оның басқа сөздермен байланысын табуға және сұрақ қоюға үйрету.

Дамытушылық

Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ізденуге және сауатты жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі мен әдісі

  • Көрнекілігі: тірек сызба, суреттер.
  • Әдісі: түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

34-жаттығу тексеріліп, өткен сабақты қорытындылау үшін сұрақтар қойылады:

  • Бастауыш дегеніміз не?
  • Бастауышқа қандай сұрақтар қойылады?

Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөз бастауыш деп аталады. Бастауыш кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі? сұрақтарына жауап береді.

Мысал

Жәния дайындалды.

Мысал

Боран соқты.

III. Жаңа сабақ

Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөз баяндауыш деп аталады. Баяндауышқа не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтары қойылады.

Мысал

Әсем биледі.

Мысал

Найзағай жарқылдады.

IV. Оқулықпен жұмыс

35-жаттығу: өлеңді түсініп оқу.

«Маусымдар» (Қастек Баянбай)

Қыс құнар береді,

Көктем дән себеді.

Жаз баптап өсірсе,

Күз жинап тереді.

V. Тақтамен жұмыс

36-жаттығу

Өлең (Ермек Өтетілеуов)

Тырс-тырс! Жаңбыр кеп жауады,

Тамшылар тамады.

Тырс-тырс! Жапырақ жылайды,

Жырдан су құлайды.

VI. «Кім шапшаң?» ойыны

Сәйкестендіру әдісі арқылы бастауыш пен баяндауышты байланыстыру.

Тақырып Әрекеттер
Аңдар жүгіреді, ішеді, жейді
Құстар сайрайды, ұшады, шоқиды
Оқушы оқыды, жазды, күлді
Су ақты, тамды, қатты

VII. «Кім біледі?» сұрақ-жауап

1) Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.

Айдын бормен жазды.

2) Сөйлем дегеніміз не?

  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
  • Сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады.
  • Сөйлем бас әріптен басталып жазылады.

3) Мәтін дегеніміз не? Түрлері

Мәтін құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысты болады. Мәтінге ат қоюға болады.

Әңгімелеу

Оқиғаны баяндайды, не істеді? сұрағына жауап береді.

Сипаттау

Заттың, құбылыстың белгісін сипаттайды, қандай? сұрағына жауап береді.

Пайымдау

Пікірді түсіндіреді, дәлелдейді, не үшін? сұрағына жауап береді.

39-жаттығу

  • Ешкі маңырайды.
  • Мысық мияулайды.
  • Ит үреді.

VIII. Өз бетімен жұмыс

Дыбыстық талдау жасау:

Әріп Сипаттамасы
Б дауыссыз, ұяң
о дауысты, жуан
р дауыссыз, үнді
а дауысты, жуан
н дауыссыз, үнді

IX. Қорыту

Рефлексиялық бағалау кезеңі: «Тілек ағашына» оқушылар сабақтан алған әсерін және өз ойларын стикерге жазып, жапсырады.

X. Үй тапсырмасы

Ережелерді жатқа айту.