Топтың аты

Іс-шара туралы

Тақырыбы

«Дені саудың – жаны сау» спорттық-эстафеталық жарысы

Қатысушылар

Ата-аналар мен балалар

Қажетті құралдар

  • Кедергілер
  • Кішкентай доптар
  • Құм
  • Су құятын ыдыстар
  • Шелек

Мақсаты

  • Салауатты өмір салтын насихаттау
  • Дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу
  • Балалардың дене тәрбиесін жүйелі қалыптастыру
  • Спорттық шеберлікті және мүмкіндікті дамыту
  • Өзін-өзі тәрбиелеу мен білім деңгейін көтеруге дағдыландыру

Тәрбиешінің кіріспе сөзі

Армысыздар, бүлдіршіндер және ойынға қатысқалы отырған құрметті ата-аналар! «Дені саудың – жаны сау» демекші, спорт әлеміндегі ең қызықты әрі көңілді жарысымызды бастаймыз.

Біздің сайысқа қатысатын командалар жылдамдықтарын, ой-өрістерін, күш-жігерлерін көрсетіп, өзара сынға түседі. Ендеше, алдымен денемізді шынықтырып, қыздырып алайық.

Бой сергіту

«Аяқпенен топ-топ-топ»

Шақыру өлеңі

Дүбірле, бақшам, дүбірле,

Жақсылық болсын үйіңде.

Қуаныш толып жүзіңде,

Арнаулы жолдан сүрінбе.

Жарыста нағыз мықтылар,

Жеңіске жетер түбінде.

Бүгінгі жарысқа екі топ қатысады. Әділ бағасын беретін — әділқазылар алқасы. Құрметті халайық, жарысты тамашалаңыздар!

Командаларды таныстыру

Шарты: Екі команда ортаға шығып, қатарға тұрады да, өз атын және ұранын айтып таныстырады.

Топтың аты: Қыран

Ұраны:

Қыран тобы алға,

Биіктерге самға.

Жүреміз тек алда!

Топтың аты: Алғыр

Ұраны:

Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста,

Алғырлықпен аламыз!

Эстафеталық турлар

1-тур: Құмнан жасалған тәттілер

Шығармашылық тапсырма

Шарты: Команда мүшелері бірлесе отырып, құм салынған алаңқайда қалыптарға құмды толтырып, түрлі бейнелер мен мүсіндер жасап, оларды әсемдеп безендіреді.

2-тур: Көңілді доптар

Ептілік және үйлесім

Шарты: Ересектер екі түрлі түсті кішкентай допты бір-біріне алмастыра лақтырып, қағып алып, кедергілер арасымен мәреге дейін жетеді. Мәреге келген соң доптарды сол жерде қалдырып, кері қайтады. Балалар кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, мәредегі доптарды алып қайтуы керек.

3-тур: Кім жылдам?

Жылдамдық және төзімділік

Шарты: Мәре сызығындағы ыдысқа суды шелектеп тасу қажет. Қай топтың ыдысы бірінші болып толса — сол топ жеңімпаз атанады.

4-тур: Қырықаяқ

Командалық бірлік

Шарты: Әр топ ойыншылары бір-бірінің белінен ұстап, белгіленген жалаушаны айналып өтеді. Қай команда ағытылмай, мәре сызығынан бірінші өтсе — сол команда жеңеді.

Қорытынды және марапаттау

Тәрбиешінің қорытынды өлеңі

Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты — еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.

Бұл сайыста ренжімей тарасу — бізге жарасады.

Марапаттау кезеңі: қатысқан команда мүшелері арнайы дипломдармен марапатталады.

Қоштасу сөздері

Жарқын, шаттық заман болсын,

Отбасымыз аман болсын.

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашан орта толсын.

Дереккөз

Қала

Атырау

Мекеме

№5 «Аққу» бөбекжай-балабақшасы

Автор

Амантаева Жазира Саматқызы