Қазақтың ұлттық ойындарын ата

Интеллектуалдық ойын 4-сынып 4 тур

Сынып озаты: зияткерлік сайыстың сценарийі

Бұл материал 4-сынып оқушыларына арналған «Сынып озаты» атты интеллектуалдық ойын-байқаудың толық жүргізілу барысын ұсынады. Сайыс оқушылардың білімін шыңдап, жылдам ойлауын, тілдік икемін және бәсекеге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Мақсаты

  • Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға үйрету.
  • Жарысуға қатысуға және жеңіске ұмтылуға ынталандыру.
  • Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

1 Шарлар
2 Плакаттар

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар! Бүгін 4-сынып оқушылары арасында өтетін «Сынып озаты» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.

Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайыс 4 турдан тұрады: «Бәйге», «Тіл-өнер», «Жұмбақ сандық», «Жорға».

1-тур: Бәйге

Бұл турда берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырысыңыздар. Егер жауап қате болса, келесі оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.

10 ұпай
  1. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты?
    Жауабы: Т. Әубәкіров
  2. Қай жылы 1-сыныпқа бардыңдар?
    Жауабы: 2007 жылы
  3. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қай күн?
    Жауабы: 16 желтоқсан
  4. Абайдың әжесі кім?
    Жауабы: Зере
  5. Көру мүшесі.
    Жауабы: көз
  6. Жыл басы.
    Жауабы: тышқан
  7. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы.
    Жауабы: Ы. Алтынсарин
  8. Адам денесінің тірегі.
    Жауабы: қаңқа
  9. Есту мүшесі.
    Жауабы: құлақ
  10. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
    Жауабы: ұзындығы мен енін көбейту
  11. Қыс айларын ата.
    Жауабы: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
  12. 1 м-де неше см бар?
    Жауабы: 100 см
  13. Жылдың неше мезгілі бар?
    Жауабы: төрт
  14. Сөйлемнің неше түрі бар?
    Жауабы: үш
  15. Біздің сыныпта неше оқушы бар?
    Жауабы: 21

2-тур: Тіл-өнер

Бұл турда берілген қазақша сөзді орыс тіліне дұрыс әрі жылдам аудару қажет.

Жылдам аударма
  1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі?
    Жауабы: Көктем — Весна
  2. Өзі қандай аппақ, жесең оны тәтті-ақ.
    Жауабы: Қант — сахар
  3. Жүз теңгең болғанша, жүз... болсын.
    Жауабы: дос — друг
  4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады.
    Жауабы: аю — медведь
  5. Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады.
    Жауабы: қоян — заяц
  6. Футболшының алаңдағы ойын құралы.
    Жауабы: доп — мяч
  7. Әр адамның шағын отаны.
    Жауабы: отбасы — семья
  8. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
    Жауабы: кітап — книга
  9. Өзі айлакер, өзі бір қу — жүрген жері айқай да шу.
    Жауабы: түлкі — лиса
  10. Білімнен мол сый — осы, балғындардың ұясы.
    Жауабы: мектеп — школа

3-тур: Жұмбақ сандық

Қатысушылар ұпай деңгейін таңдайды: 20, 30, 40. Әр деңгейде бірнеше тапсырма беріледі.

20 ұпай

Деңгей
  1. Жеті күн.
    Жауабы: апта
  2. Батыр туса — ел ырысы, ...
    Жауабы: жаңбыр жауса — жер ырысы
  3. Жылдан құр қалған жануар.
    Жауабы: түйе

30 ұпай

Деңгей
  1. Қысқарған сөздің толық атауын ата: БҰҰ.
    Жауабы: Біріккен Ұлттар Ұйымы
  2. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.
    Жауабы: компас (тұсбағдар)
  3. «Сәулелі жұлдыз» іздеген адам кім?
    Жауабы: Ы. Алтынсарин

40 ұпай

Деңгей
  1. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
    Жауабы: ұзындығы мен енін қосамыз
  2. «Сен қырдың жас түлегісің. Қыран қырды аңсамай тұра ала ма?» деген сөздер кімге арналған?
    Жауабы: Шоқанға
  3. Желтоқсанда құрбан болған қыздарымыз кімдер?
    Жауабы: Ләззат, Сабира

4-тур: Жорға

Бұл турда 15 сұрақ қойылады. Қанша сұраққа дұрыс жауап берсеңіз, сонша ұпай жинайсыз: 1 сұрақ = 1 ұпай.

1-оқушыға сұрақтар

15 сұрақ
  1. Аналар мерекесі қай күні өтеді?
    Жауабы: 8 наурыз
  2. Өсімдіктің негізгі, жер астындағы мүшесі.
    Жауабы: тамыр
  3. ҚР-ның мемлекеттік тілі.
    Жауабы: қазақ тілі
  4. Басты байлық.
    Жауабы: денсаулық
  5. 12 ай — бұл...
    Жауабы: жыл
  6. «Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі?
    Жауабы: Абай
  7. Орман дәрігері.
    Жауабы: тоқылдақ
  8. Ұя салмайтын құс.
    Жауабы: көкек
  9. x+2=10 — бұл не?
    Жауабы: теңдеу
  10. Зат есімге мысал келтір.
    Жауабы: бала
  11. 9 мамыр қандай күн?
    Жауабы: Жеңіс күні
  12. Заттың атын білдіретін сөз табы.
    Жауабы: зат есім
  13. Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлейтін той.
    Жауабы: бесік тойы
  14. Күйді орындаушы адам.
    Жауабы: күйші
  15. Ақан серінің тұлпарының аты.
    Жауабы: Құлагер

2-оқушыға сұрақтар

15 сұрақ
  1. Жыл басы не?
    Жауабы: тышқан
  2. 8+2=10 — бұл не?
    Жауабы: өрнек
  3. 25 қазан қандай күн?
    Жауабы: Республика күні
  4. Баланы тәй-тәй бастырып, күрмеу жібін кесетін салт.
    Жауабы: тұсау кесер
  5. Біржанмен айтысқан ақын қыз.
    Жауабы: Сара
  6. Иіс сезу мүшесі.
    Жауабы: мұрын
  7. Мәтіннің неше түрі бар?
    Жауабы: 3
  8. Жаз айларын ата.
    Жауабы: Маусым, Шілде, Тамыз
  9. a+5=20 — бұл не?
    Жауабы: теңдеу
  10. 1 қыркүйек қандай күн?
    Жауабы: Білім күні
  11. Қабанбай батырдың шын есімі.
    Жауабы: Ерасыл
  12. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары.
    Жауабы: Әлия, Мәншүк
  13. Қазір қай жыл? (мүшел бойынша)
    Жауабы: барыс
  14. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
    Жауабы: көкпар, қыз қуу (т.б.)
  15. Дәм сезу мүшесі.
    Жауабы: тіл

Қорытынды

Құрметті көрермендер, осылайша «Сынып озаты» сайысының кезеңдерін тамашаладыңыздар. Қатысушыларымызға қошемет көрсетейік!

Енді жеңімпазды ортаға шақырып, арнайы мақтау қағазын табыс етеміз. Ән шырқап, би билеп, мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік.

Сау болыңыздар!