Есімшенің жұрнақтары
Есімшенің жасалу жолдары
Бұл сабақ есімшенің жасалу жолдарын жүйелі түрде түсіндіруге бағытталған. Есімше — етістіктің ерекше түрі болғандықтан, оның сөйлемдегі мағынасы мен қызметін нақты мысалдар арқылы талдау маңызды.
Сабақтың мақсаты
Есімшенің жасалуы туралы толық мәлімет беру, жасалу тәсілдерін практикамен бекіту.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі жаңа сабақ.
Көрнекіліктер
- Оқулық, мәтіндер, тапсырмалар
- Сөзжұмбақ, үлестірме қағаздар
- Интерактивті тақта, слайд, флипчарт
Оқу мақсаттары
Білімділік
Есімшенің етістіктің ерекше түрі екендігін түсіндіру және есімшенің жасалу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық
Жаттығулар арқылы ізденімпаздықты дамыту, өзін-өзі басқару дағдысын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу және тілдік қорды байыту.
Тәрбиелік
Адамгершілікке тәрбиелеу, мысалдар арқылы туған жерге сүйіспеншілікті арттыру және қазақ тіліне құрмет қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Сұрақ–жауап
- Ауызша тест (жедел жауап)
- Оқулықпен жұмыс
- СТО стратегиялары
- Топтастыру
- БҮҮ (Білемін–Үйрендім–Үйренгім келеді)
- Өзара оқыту
- Семантикалық карта
- Бес жолды өлең
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Сабаққа қатысуды бақылау.
II. Өткен тақырыптарды қайталау
Ауызша жұмыс: тест тапсырмаларын орындау.
III. Қызығушылықты ояту: сөзжұмбақ
Оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа аудару үшін сөзжұмбақ сұрақтары ұсынылады:
- 1. Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — … ырысы.
- 2. Есімше кім? не? сұрақтарына жауап беріп, … немесе баяндауыш қызметін атқарады.
- 3. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіріп, не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
- 4. Қазақтың ұлттық аспабы?
- 5. Есімше кейде қосымшасыз тұрып, қандай? қай? сұрақтарына жауап беріп, … қызметін атқарады.
- 6. Бірінші байлық — ….
Жауаптары
жер, бастауыш, етістік, домбыра, анықтауыш, денсаулық.
Жаңа тақырып: есімше
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде және екі түрлі қызметте қолданылады:
- Кейде қосымшасыз тұрып, қандай? қай? сұрақтарына жауап береді де, анықтауыш қызметін атқарады.
- кім? не? сұрақтарына жауап беріп, бастауыш немесе баяндауыш қызметінде де жұмсалады.
Мысал 1
Көрген көзде жазық жоқ. (көрген — анықтауыш)
Мысал 2
Көрмес түйені де көрмес. (бірінші көрмес — бастауыш, соңғы көрмес — баяндауыш)
IV. Өзара оқыту
Оқулықтағы жаңа тақырыпты оқушылар бір-біріне түсіндіреді. Жұмыс нәтижесінде төмендегі сызба толтырылады.
| Есімшенің жұрнақтары | Мысалдар |
|---|---|
| 1. | — |
| 2. | — |
| 3. | — |
Жаттығулар
V. 250-жаттығу
Үлгі: кел-ген — есімше. Бұрынғы өткен шақ, III жақ тұлғасында тұр. -ген жұрнағы арқылы жасалған.
V. 251-жаттығу
Үлгі: түсінгенге — есімше. Түбірі — түсін, -ген — есімше жұрнағы (өткен шақты білдіреді), -ге — барыс септік жалғауы.
VI. БҮҮ кестесі
Оқушылар жаңа ақпаратты Білемін – Үйрендім – Үйренгім келеді кестесіне түсіреді.
Ойтолғаныс және қорытынды
VII. Семантикалық карта
Сабақты бекіту үшін берілген мысалдар семантикалық карта арқылы талданады.
| Мысалдар | Өздік етіс | Өзгелік етіс | Ырықсыз етіс | Ортақ етіс | Есімше |
|---|---|---|---|---|---|
| Айтылды | + | ||||
| Жаздыр | + | ||||
| Көрген | + | ||||
| Айтармын | + | ||||
| Айтыс | + | ||||
| Киіндім | + | ||||
| Көрсетті | + | ||||
| Сөйлесермін | + | ||||
| Бастамаспын | |||||
| Келмес | + | ||||
| Бітірген | + | ||||
| Барған | + | ||||
| Келген | + | ||||
| Сұрайтын | + |
VIII. «Бес жолды өлең»
- 1-жол: 1 зат есім
- 2-жол: 2 сын есім
- 3-жол: 3 етістік
- 4-жол: 4 сөзден құралған сөйлем
- 5-жол: 1-сөзге синоним
Рефлексия, бағалау, үй тапсырмасы
IX. Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсері мен түсінгенін қысқаша қорытындылайды.
X. Бағалау
Жауаптардың толықтығы мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.
XI. Үй тапсырмасы
Үйде тақырыпты қайталау және берілген жаттығуларды орындау.
Автор туралы мәлімет
Алматы облысы, Қаратал ауданы, МДШО бар Жаңаталап орта мектебі КММ.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева Аида Ерғазықызы.