Жазасыз жақын жердің бәрін шапты, Дарияның суындай қандар ақты

Абай Құнанбаев

Ескендір
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары – оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.

Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды - солды.

Сұмдықпен ғаскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.

Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодам1 қылып,
Өкіметін қолына тартып апты.

Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.

Қан ішер қаһарлы хан ашуы көп,
Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.
Сол күнде қошеметші айтады екен,
Ханның ханы, патшаның патшасы деп.

Атағы талай жерге оның жетті,
Жердің жүзін алуға талап етті.
Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып,
Есіткен елдеріне жүріп кетті.

Алдынан шыға алмады ешкім мұның,
Бәрін де алды, қорқытты жолдағының.
Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,
Жер жүзін жеке билеп алмақшының.

Жүре - жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына құдай салды қиын істі.

Сандалды сар далада су таба алмай,
Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?
Қызметкердің бәрін де өлтірмекші
Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.

Мысалы, астындыға ат о дағы ұшты,
Ескендір де атының жалын құшты.
Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге
Патшаның ат үстінде көзі түсті.
Толық нұсқасын жүктеу



Ұқсас жұмыстар

Ұлы ақын - Абай Құнанбаев
Қазақ фольклорындағы Кенесары бейнесі
VI-XII Көшпенділер мәдениеті
Төлеген сөз жоқ талант
Физика пәнінің әдебиетпен байланысы
КөшIм хан мен Сүзге сұлу
Арал өңірі қазақтарының XIX ғасырдағы Хиуа хандығы мен Ресейге қарсы ұлт – азаттық күресі
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы
Төлеген Айбергенов өмірі
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Индустриалды-инновациялық даму жолында Қазақстанның нақты секторын тиімді инвестициялаудың қаржылық механизмі
Монполияға қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны
Аймақтық экономиканың дамуындағы кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру (ЖШС «ГЕРМЕС»)
Балалардың мектепке дайындығын жан - жақты ұйымдастырудың психологиялық - педагогикалық негiздерi
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
Қазмұнайгаз компаниясының тұрақты дамуы, компанияның болашақтағы табыстарының негізі
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату туралы
Ата – аналармен тұрақты байланыс орнату