Сыйлық жаттығуы

Педагогтарға, тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг

Бұл тренинг педагогтар мен тәрбиешілер арасында ұжымдық бірлікті қалыптастыруға бағытталған. Негізгі мақсаттары: әріптестер арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдыларды дамыту, эмоционалдық тұрақтылықты күшейту және өз-өзіне сенімділікті нығайту. Тренинг қатысушыларды жеңіске ұмтылуға, жетістікке жетуге ынталандырады.

Көрнекілік

  • Доп

1-жаттығу: «Келіңіздер, амандасайық»

Психологтың командасы бойынша қатысушылар шеңбер бойымен қозғалып, жолыққан әріптесімен әртүрлі тәсілмен амандасады. Жаттығу жеңіл көңіл күй қалыптастырып, қысылуды азайтуға көмектеседі.

Амандысу түрлері

  1. Қолмен амандасу
  2. Иықпен амандасу
  3. Арқамен амандасу
  4. Тіземен амандасу
  5. Өкшемен амандасу
  6. Мұрынмен амандасу

2-жаттығу: «Сыйлық»

Қатысушылар шеңберге тұрады. Психолог әр қатысушыға қасындағы келесі әріптесіне «сыйлық» ұсынуды тапсырады. Ең маңызды шарт: сыйлықты жылы эмоциямен, көркем сөзбен безендіріп жеткізу.

Мысал

«Ольга Ивановна, мен сізге бұл сыйлықты қуана ұсынамын, өйткені сіз өте жақсы адамсыз».

Осылайша жаттығу шеңбер бойымен жалғасады: әр қатысушы әріптесінің жағымды қылықтарын, мінез ерекшелігін атап, өз әсерімен бөліседі.

Қорытынды және талқылау

Талқылау шеңбер бойымен жүргізіледі: қатысушылар өз сезімін, байқаған өзгерістерін және жаттығулардан алған әсерін айтады.

1-жаттығу бойынша

«Келіңіздер, амандасайық» жаттығуына 16 тәрбиеші қатысты. Қатысушылар көңілді түрде әртүрлі амандасу үлгілерін меңгеріп, тапсырманы толық орындады.

2-жаттығу бойынша

«Сыйлық» жаттығуында қатысушылар тек сыйлық ұсынумен шектелмей, оны эмоциямен көркемдеп жеткізді. Әріптестеріне қатысты жылы пікірін айтып, өзара қолдауды күшейтті. Барлығы тапсырмаларға белсенді қатысты.

Педагог-психолог: Э. Қ. Аугалиева

Қатысқандарыңыз үшін рахмет!