Дүниежүзілік кітап күні

Кітап — тарих, шежіре!

23 сәуір — Дүниежүзілік кітап күні. Бұл күн — оқуға деген ынтаны күшейтіп, кітапқа құрметті арттыратын рухани мереке.

Сабақтың мақсаты

  • Көпшіліктің назарын оқу мәдениетіне аудару.
  • Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілік

  • «Кітап — тарих, шежіре!» плакаты
  • «Кітап патшалығы» суретті кітап көрмесі
  • Кітап туралы нақыл сөздер топтамасы

Қош келдіңіздер!

Кітапханашы

Құрметті қауым! 23 сәуір — Дүниежүзілік кітап күніне арналған «Кітап — тарих, шежіре!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші

Қуан, кітап, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың —
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

Той басталды, халайық,
Үміт отын жағайық.
Кітап күнін ұлықтап,
Биден шашу шашайық!

«Әке толғауы» биі орындалады. (Өтебаева А., Оспанова А.)

Кітап — нәзік те тұнық әлем. Ұлы ғұламалардың сөзімен айтқанда, әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған. Демек, адамзат тарихының өзі — кітап.

Арнау

Бұл арнау кітаптың қоғамдағы орнын, білімнің құнын және оқудың ел болашағына әсерін айқындайды.

Өлең мәтіні

Бастайыншы сөзімді «бисмилла» деп,
Ассалаумағалейкум, жиылған лек!
Еліміз кітап күнін тойлап жатыр,
«Оқитын ел — озық ел!» деп ұрандап.

Болғанда қыспағы мол заман — нарық,
Озық болу жарасар топты жарып.
Алып шығар нарықтан білім ғана,
Оқығанның қашанда алды жарық.

Сондықтан бүгінгі іс — келелі іс,
Ізгілікті іс қашанда берер ырыс.
Кітап күні тойланып жылдан-жылға,
Бүгінгі жыл келер жылға болсын жұғыс.

Кең қазынаң — кітап қой нәр беретін,
Жайнатып өміріңе сән беретін.
Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ,
Халайық, дәл кітапқа тең келетін.

Кітап — сәуле, нұр берер шамшырағың,
Сарқылмайтын білім мен бұлағың.
Кітап — білім қаруың болса, анық,
Елу елдің алдына шығар бағың.

Шарамыз игілігін ала келсін,
Ұлтыма білім, байлық, сана берсін.
Рухымыз асқақ боп әрқашанда,
Халқымыздың бақыты жана берсін!

Қазақстан оқитын елге айналсын,
Жастарымыз білімді ерге айналсын.
Жаңа әлемде жаңа елдің жастарыдай,
Асқақ болып рухы, нұр жайнасын.

(Сағындықов Т.)

Келесі бөлім

«Ертегі әлемінде» атты өлең оқылады.

Еске салу

Мереке құрылымы — өлең, көрініс, тарихи дерек және символдық кейіпкер арқылы оқуға деген ықыласты күшейтеді.

Кітап Ханшайымы

Жүргізушінің шақыруы

Уа, жиылған халайық! Түгел бері қарайық. Сөзінің бар киесі, рухани әлемнің иесі — Кітап Ханшайымына бәріміз назар салайық. Ести алмай лебізін, әсте өкініп қалмайық.

Ортаға кітап кейпіндегі Ханшайым шығады.

Кітап Ханшайымының сөзі

Мен — Кітап Ханшайымымын, рухани әлемнің иесімін.
Әкелдім кітап патшалығының бәріңе жалынды сәлемін!

Мен — білімнің түпсіз аспанымын,
Мен — ғылымның тұңғиық бастауымын.
Рухани нәр беретін бұлақпын мен —
Менімен байиды бар танымың.

Мен — рухани әлеммін, кітап атым,
Баға жетпес байлықпын, асыл затым.
Мені көктен түсірді жаратқаным,
Шын қажеті болған соң адамзаттың.

Мен — кітаппын, білімнің бұлағымын,
Жауабымын сауал мен сұрағыңның.
Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын,
Бағдаршаммын — адаспас шырағыңмын.

Кітап күні туралы дерек

1972 жылы ЮНЕСКО шешімімен Халықаралық кітап жылы жарияланды. Ал 1995 жылы 23 сәуір — Халықаралық кітап күні болып бекітілді. Содан бері бұл күн көптеген елдерде жоғары деңгейде аталып өтеді.

Елордада «Оқитын қоғам — бәсекеге қабілеттілік тірегі» атты халықаралық конгресс өткізіліп, оқу мәдениетінің ел дамуына ықпалы кеңінен талқыланды.

Қорытынды ой

Кітаппен жақын болғанның жолы әрдайым даңғыл. Кітап — тарих, шежіре; ал оқу — ұлттың ең сенімді капиталы.