Педагогикалық ұжымға арналған сайыс

Сайыс туралы

«Ата-баба дәстүрі — елдігіміздің белгісі» тақырыбындағы педагогикалық ұжымға арналған мерекелік сайыс Атырау қалалық №8 «Ақбота» шипа-жай типті балабақшасында балабақша әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына орай кең көлемде өтті. Іс-шараға балабақшаның барлық қызметкерлері белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға үлес қосты.

Ұйымдастырушылар

  • Балабақша әкімшілігі
  • Кәсіподақ ұйымы

Өткізілген орны

Атырау қалалық №8 «Ақбота» шипа-жай типті балабақшасы

Мақсаты

Ұлттық құндылықтарды жаңғырту

  • Халық педагогикасын насихаттау
  • Салт-дәстүрлерді жаңғырту, үйрену
  • Жастарға ұлттық тәрбие беру

Ұжымдық даму

  • Педагогтардың шығармашылығын дамыту
  • Кәсіби шеберлікті жетілдіру
  • Педагогикалық ұжымда жағымды психологиялық климат қалыптастыру

Шараның ашылуы

Жүргізуші

Қонаева Гүлбану

Көктемнің көркі — гүл емес пе?
Гүлсіз табиғат тұл емес пе?
Көктемнің әнін жырлаған,
Наурыздың тойын тойлаған —
«Ақбота» балабақшасы біз емес пе?

Құтты болсын Наурыз тойың, мерекең!
Үйіңде болсын тек қана құт-берекең.
Ұйымдасқан, үлгілі ұжым болайық —
дегендей, мерейіміз таси берсін!

Құттықтау сөзі

Құрметті қонақтар, Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Үйлеріңізде мереке, ұжымдарыңызда құт-береке орнасын. «Бірлік түбі — тірлік», «Береке басы — басшыдан» дегендей, алғы сөз кезегін:

Балабақша директоры: ________________________

Кәсіподақ ұйымының төрайымы: ________________________

Сайыс құрылымы

«Ата-баба дәстүрі — елдігіміздің белгісі» атты сайысымызды бастаймыз.

Дәстүрімізді жаңғыртып, үйренейік.
Жамандықтан жиренейік.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты
әдептен озбауға тәрбиелейік.

Әділқазылар алқасы

Сайыс басталар алдында әділқазылар алқасы сайланады:

------------------------------------------

Қатысушылар

Сайыскерлер балабақшаның барлық топтарынан қатысады:

  • 1-топ
  • 2-топ
  • 3-топ

Сайыс кезеңдері

Сайыс 7 бөлімнен тұрады:

  1. 1 Ұлттық киімдер шеруі
  2. 2 Өзін таныстыру
  3. 3 Викториналық сұрақтар (киіз үй құрылымы, ұлттық бұйымдар, ою-өрнек)
  4. 4 Ұлттық дәстүрден көрініс (түсіндірмесімен, 5–6 минут)
  5. 5 Көркемөнер сайысы (ән, би, сахналық қойылым)
  6. 6 «Қара жорға» биі (барлық сайыскерлер қатысады)
  7. 7 Ұлттық тағамдар көрмесі (үй тапсырмасы)

1-бөлім: Ұлттық киімдер шеруі

Көркем сөз

Әдемі көйлек киемін,
Қос етегі бүрмелі.
Кестеленген жиегінде —
кең даланың гүлдері.
Жарасады бөркіме,
Үкілерім үлпілдеп.
Ел қараған көркіме
«Неткен әсем!» — дерсің кеп.

Өту барысы

Сайыскерлер ұлттық киім үлгілерін таныстырып, сән-салтанатымен шеру жасайды. Әр қатысушының киіміндегі ою-өрнек, зерлеу мен әшекей ұлттық мұраның мәнін айқындайды.

Назар аударатын тұстар

  • Киімнің мәні мен тарихына қысқаша тоқталу
  • Ою-өрнектің мағынасы
  • Сахна мәдениеті және таныстыру шеберлігі