Сен атаңа кімсің

Сабақ тақырыбы мен мақсаты

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су.

Сабақтың мақсаты: судың адам өміріндегі маңызын және оны қорғаудың қажеттілігін түсіндіру; табиғаттағы су айналымын ұғындыру. Оқушылардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту; шығармашылық қабілетін жетілдіру; адамгершілікке, табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойландыру, әңгімелеу, проблемалық-ізденушілік.

Көрнекілік пен техникалық құралдар

Көрнекіліктер

  • Ш. Уәлихановтың портреті және бұрышы
  • Сөзжұмбақ, жұмбақтар
  • Глобус, карта

Техникалық құрал

Бейнетаспа.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық қолдау, сабаққа назарды шоғырландыру.

II. Жаңа сабақ

1) Кіріспе

  • Бүгінгі тақырып — «Табиғаттағы су». Бұл ұғым сендерге таныс, өткен сыныптардағы білімдеріңді еске түсірейік.
  • Жер шарына назар аударайық: қандай қорытынды жасауға болады?
  • Жер бетінде ең көп таралған зат — су. Ол Жер шарының шамамен үштен екі бөлігін алып жатыр (мұхиттар, теңіздер, өзен-көлдер).
  • Картадан су нысандарын атап, көрсету.

2) Қосымша мәлімет

Ең биік сарқырама

Анхель сарқырамасы (Оңтүстік Америка) — 1025 м.

Ең ұзын өзен

Ніл (Африка) — 6671 км.

Ең терең көл

Байкал (Сібір) — 1620 м.

Ең ірі көл

Каспий көлі.

3) Слайдпен жұмыс: туған өлке табиғаты

  • Қора жайлауының көріністері
  • Бұрқанбұлақ сарқырамасы

Сен білесің бе?

  • 1 кг картоп өсіруге шамамен 300 л су қажет.
  • 1 кг бидай өсіруге шамамен 1200 л су қажет.
  • 1 т алюминий алуға шамамен 1000 т су қажет.
  • 1 т шойын қорытуға шамамен 130 т су қажет.

Қорытынды: судың тіршілік пен өндіріс үшін маңызы өте зор. Сондықтан суды қорғау, үнемдеу және ластандырмау қажет.

4) Су туралы тыйым сөздер мен нақылдар

  • Бұлақ көрсең, көзін аш.
  • Судың да сұрауы бар.
  • Су ішкен құдығыңа түкірме.
  • Сулы жер — нулы жер.
  • Өзен жағалағанның өзегі талмас.

5) Топпен жұмыс

а) Жұмбақтар шешу

1-топ

Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (Су)

2-топ

Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. (Мұз)

3-топ

Көзге көрінгенімен, ұстасаң қолға ілінбейді. (Бу)

Қорытынды

Су — сұйық күй, мұз — қатты күй, бу — газ күй.

ә) Ассоциация құру

түссіз иіссіз мөлдір еріткіш

б) Тапсырмалар

  • 1-топ: Адам өміріндегі судың маңызы.
  • 2-топ: Табиғаттағы судың маңызы.
  • 3-топ: Табиғаттағы су айналымы.

6) Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді үлгі бойынша оқыту
  • Тізбектей оқыту
  • Плакат бойынша түсіндіру

III. Сөзжұмбақ

Сұрақтар

  1. Орман көркі.
  2. Оқушының міндеті.
  3. Қыстың көркі.
  4. Ең қымбат есім.
  5. Сен атаңа кімсің?

Нәтиже

Ерекше торкөзден шыққан сөз: «Шоқан».

Шоқан Уәлиханов — ғалым, зерттеуші, саяхатшы, суретші, тарихшы.

Өлкетану байланысы

Шоқан атамыз Қашқарияға сапары кезінде осы өңірге тоқтап, ауылымыздың топырағын басып, суын ішіп, тыныққан деген дерек айтылады. Оның қолжазбалары негізінде Қапал батырдың жерленген орны анықталып, сол жерде кесене тұрғызылған.

Ауыл маңындағы бұлақтар:

  • Ақтасты
  • Ақтұма
  • Қызылжұлдыз
  • Қасқабұлақ
  • Тастыбұлақ және т.б.

Ауылымызда 12 бұлақ бар. Бейнетаспадан жоғары сынып оқушылары қамқорлыққа алған бұлақтарды көріп, өз пікірімізді білдіреміз. Суды қорғауды әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек.

IV. Шығармашылық жұмыс

  • «Су — тіршілік көзі» тақырыбында әңгіме жазу.
  • Су туралы мақал-мәтелдер жинақтап жазу.
  • Бұлт түрлері: суретін салу және қысқаша түсінік беру.

V. Бекіту және бағалау

Су, табиғаттағы су айналымы туралы білімімізді толықтырдық. Білетініміз көп екен, ал алдағы уақытта үйренеріміз бұдан да көп.

VI. Үй тапсырмасы

Мәтінді оқу, мазмұндау.