Партияның бағдарламасы

Пән мұғалімі

Н. Б. Кульджина

Таңдау курсы 10–11 сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Түсінік хат

«Алаштану» таңдау курсының оқу бағдарламасы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған қолданбалы курс бағдарламасын құрастыру алгоритміне сәйкес әзірленді.

Курстың мақсаты

Оқушылардың Алаш зиялыларының қазақ ұлты үшін атқарған қызметін зерделеу арқылы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Негізгі екпін

  • Алаш қайраткерлерінің тарихи рөлін түсіну және бағалау.
  • Тарихи ойлау мен дерекпен жұмыс мәдениетін дамыту.
  • Жауапкершілік пен азаматтық позицияны нығайту.

Курстың міндеттері

  1. 1 Қазақстандағы тарихи үдерістерді әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде түсіндіру және адамзат қоғамының дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы білім қалыптастыру.
  2. 2 Тарихи білімдерді қорытып, себеп-салдарлық байланыстар орнату; тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы өзіндік көзқарасын дәлелдеп айту және білімді күнделікті өмірде қолдану дағдыларын дамыту.
  3. 3 Тарихи деректермен жұмыс істеу және тарихи білімді шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру; оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы сыни пайымдауға үйрету.
  4. 4 Отан мен халық алдындағы жауапкершілікті сезінетін азаматтық позицияны қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Курсты оқыту барысында төмендегі пәндермен кіріктірілген байланыстар жүзеге асырылады:

Қазақстан тарихы

Тұлғалар қатысқан оқиғаларды білу және тарихи контексті түсіну.

География

Тарихи оқиғалардың өткен аумағын және тарихи тұлғалардың шыққан өңірін анықтау.

Қазақ әдебиеті

Көрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тарихы және шығармашыл зиялы қауым туралы білімді тереңдету.

Бағалау және курсты аяқтау форматы

Есепке алу

Оқу жылының бірінші және екінші жартыжылдығында оқушының білімі реферат, бақылау жұмысы немесе тест арқылы есепке алынады.

Қорытындылау

Қорытынды қайталау соңында реферат жаздыру немесе бақылау жұмысын алу арқылы нәтижелер жинақталады.

Оқу жүктемесінің көлемі

10-сынып

Аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат.

11-сынып

Аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат.

10-сынып: курстың мазмұны (тақырыптық жоспар)

Төменде 10-сыныпқа арналған тақырыптардың сағат саны бойынша жіктелуі берілген.

1. Кіріспе

1 сағат

2. Алаш және Алашорданың зерттелуі

2 сағат

Алаш және Алашорда тарихын зерттеген ғалымдар, зерттеушілер және олардың еңбектері.

3. Алғашқы саяси партия құру әрекеті

2 сағат
  • Қазақ зиялыларының партия құруға ұмтылысы бірінші орыс революциясы жылдарында басталды.
  • 1906 жылы Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау жиналысы өтті.

4. І Жалпықазақ съезін шақыру туралы

2 сағат
  • 1917 жылғы сәуірде өткен Торғай облыстық қазақ съезінің шешімі.
  • «Қазақ» газетінің съезд туралы жарияланымдары.

5. Көтеріліс және М. Тынышпаев

2 сағат

Ұлтжанды ғалым Мұхамеджан Тынышпаевтың 1916 жылғы көтеріліс туралы көзқарастары.

6. Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы

2 сағат

Алаш көсемдері Уақытша үкіметті қолдады; «Қазақ төңкерісі» ұрандарын және Кеңес өкіметінің іс-әрекетін қабылдамады.

7. Бүкілресейлік Құрылтай және Алаш зиялылары

2 сағат
  • Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлауы.
  • Құрылтай жиналысының күшпен таратылуы.

8. А. Байтұрсынов және «Қазақ» газеті

2 сағат
  • Ахмет Байтұрсынов — «Қазақ» газетінің бас редакторы.
  • «Қазақ» газетіне — 100 жыл.

9. Қайталау

1 сағат

10. Алаш партиясының құрылуы және бағдарламасы

2 сағат
  • Бірінші Жалпықазақ съезінің шешімдері.
  • Алаш партиясының жетекшісі — Әлихан Бөкейханов.
  • Партия бағдарламасының мазмұны.

11. Алашорда ұлттық үкіметінің құрылуы

2 сағат
  • 1917 жылғы желтоқсанда өткен Екінші Жалпықазақ съезі.
  • Алашорда үкіметінің мақсаты мен міндеттері.

12. Алаш көсемдерінің бірі — Х. Досмұхамедов

2 сағат

Қоғам қайраткері әрі ғалым Халел Досмұхамедовтың ұлт мәселесіне байланысты Ленин мен Сталиннің қабылдауында болуы.

13. Алашорданың таңбасы

1 сағат

14. Алашорда үкіметінің таратылуы

2 сағат

1918 жылғы наурызда өткен Қазақ депутаттары Кеңестерінің Ақмола уездік съезі Алашорда автономиясын теріске шығарды.

15. Алаш азаматтарын қудалау және жазықсыз жазалау

4 сағат
  • Алаш азаматтарын «халық жауы» деп айыптау.
  • Олардың отбасыларының тағдыры мен әлеуметтік жағдайы.
  • Ату жазасы және қуғын-сүргін салдары.

16. Қорытынды қайталау

1 сағат

Оқушы білімін есепке алу: реферат жаздыру немесе бақылау жұмысын алу.