Миды шынықтыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні
Дүниетану (3-сынып)
Тақырыбы
Өз қабілеттеріңді шыңда
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың санасында адамның өз бойындағы мүмкіндіктерін бала кезден бастап дамытуы қажет деген түсінік қалыптастыру, табиғи дарыны мен үздік қабілеттерін танып, аша білуге бағыттау.
Міндеттері
- Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
- Өз ойын дәлелді әрі түсінікті жеткізе білуіне жағдай жасау.
- Топта бірлесіп жұмыс істеу және жауапкершілік сезімін күшейту.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер мен ресурстар
Құралдар
Планшет, ұялы телефон, ноутбук
Жазу құралдары
Маркер, дәптер
Бағалау
Бағалау парағы, смайликтер, стикерлер
Оқу материалы
Оқулық (Алматыкітап), 118-бет
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
Күліп өмір сүрейік,
Кел, балалар, күлейік.
Қабақ түйген не керек?
Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар?
Үй тапсырмасын тексеру
«Конвертте не бар?» тәсілі қолданылады: конверттегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасы тексеріледі және оқушылардың алдыңғы білімдері белсендіріледі.
II. Негізгі бөлім
Миды шынықтыру (жедел сұрақтар)
- Мектепте қандай мүмкіндіктер пайда болып, дамиды?
- Бұл мүмкіндіктердің дамуына не ықпал етеді?
Қолданылатын ресурс: интербелсенді тақта.
Топтастыру
- «Қабілет» сөзін топтастыру арқылы ұғымды ашу.
- Оқушыларды қалауы мен қабілетіне қарай топтарға бөлу.
Джиксо әдісі бойынша жұмыс
Оқулықтағы мәтін (Алматыкітап, 118-бет) азат жолдарға бөлініп, топ ішінде талданады. Алдымен жұпта, кейін ұжымда ортақ қорытынды жасалады. Бұл тәсіл оқуға жауапкершілікті арттырып, оқушының өзін бір сәт «мұғалім» ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Мәтіннің мағынасын ашуға арналған топтық сұрақтар
- 1-топ: Адамның қандай қабілеттері болады?
- 2-топ: Мектепте өз қабілетіңді дамытудың қандай жолдары бар?
- 3-топ: Балалар үйірмеде немен айналысады?
- 4-топ: Оқушылар сарайында қандай үйірмелер бар?
Сыни ойлауға бағытталған тапсырма
Әр топ планшет, ұялы телефон немесе ноутбук арқылы Қытай балеті туралы бейнематериал көреді. Көргенін талдап, тақырыппен байланыстырады.
Жоғары деңгейлі сұрақтар
- Бұл бейнематериалды не үшін көрсеттік деп ойлайсыңдар?
- Осы тақырыппен қандай байланысы бар?
- Сен болашақта қандай іспен шұғылданғың келеді?
- Қандай мамандық таңдар едің? Ол сені несімен қызықтырады?
Қорытындылаушы жұмыс
«Қабілет» сөзіне әр топ кластер құрастырады: ұғымға қатысты мысалдар, әрекеттер және даму жолдарын жүйелейді.
III. Қорытынды
Сабақ мақсатының қаншалықты түсінілгенін анықтау үшін оқушылар стикер толтырады:
Түсіндім
Тақырыпты толық меңгердім.
Түсінгендей болдым
Әлі де нақтылау керек тұстар бар.
Түсінбедім
Қосымша түсіндіру қажет.
IV. Үй тапсырмасы
- 1. Шығарма жазу: «Болашақта кім болғың келеді?»
- 2. Мәтінді оқу және мазмұндау.
- 3. Қандай байқауларға қатысқың келеді? Жауабыңды қысқаша негізде.