Бүгін сіздер үздік оқушылар арасында өтетін XXI ғасыр көшбасшысы - 2013 атты зияткерлік сайыстың куәгері болғалы отырсыздар
Сыныптан тыс жұмыс: «XXI ғасыр көшбасшысы — 2013»
Жаратылыстану-математика бағытындағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ білімге деген құлшыныстарын арттыру мақсатында 6-сынып оқушыларымен зияткерлік ойын өткізілді.
Мақсаты
- Білім, білік, дағдыларын байқау және бекіту.
- Еркін сөйлеу мен өзін сенімді ұстауға үйрету.
- Шапшаң ойлау, талдау және шешім қабылдау қабілетін дамыту.
- Білімге қызығушылық пен ынтаны арттыру.
Көрнекілігі
- Мультимедиа
- Қанатты сөздер
- Фишкалар
- Сигнал беретін бұйымдар және басқа құралдар
Құрылымы
Сайыс 5 бөлімнен тұрады. Әр кезең оқушылардың білімін, жылдамдығын және логикалық ойлауын әр қырынан тексереді.
Кіріспе
Сәлем, достар, аман ба?
Мына бейбіт заманда
Қуантамын бәріңді,
Білімдіден қалам ба?!
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін сіздер «XXI ғасыр көшбасшысы — 2013» атты үздік оқушылар арасындағы зияткерлік сайыстың куәгері боласыздар. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ақыл — тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім — кен, қанша алсаң азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын.
Тұрмағамбет Ізтілеуов
Осы сөздердің мәніндей, білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
Сайыс барысы
Қатысушыларды таныстыру
«Өнер мен білімде әркімнің өз жолы бар. Сайысарлық бүгінде өзіндік менің үнім бар» дегендей, білімпаз жастар өздерін таныстырады. Әр сайыскер өзі туралы бір-екі ауыз сөз айтады.
Әділқазылар алқасы
«Шын жүйріктер сыналады жарыста. Әділқазы бағалайды сіздерді. Жеңіс — мәреге жақын ба, әлде алыс па?» дегендей, қазылар алқасымен таныстырамыз.
Бәйгеге жол
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар —
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз!
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Шыңдарға биік қонғайсың!» дейміз. Ендеше, бәйгені бастайық.