Сабақтың аты

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
«Аққала» (Мәди Қайыңбаев)
Пән / сынып
Әдебиеттік оқу, 2-сынып
Оқулық және ресурстар
«Ана тілі» (Алматыкітап, 2013), электронды оқулық (Әліппе, әдістемелік нұсқаулық), АКТ ресурстары.
Құрал-жабдықтар
АКТ, үлестірмелі қағаздар, интернет материалдары, авторлық суреттер, қолөнерге арналған материалдар.

Жалпы мақсат

«Нені дамыту керек?» деген сұраққа жауап іздей отырып, оқушының сезім-түйсігін, қабылдауын, ынтасын, зейінін, есте сақтауын, ұғыну, ойлау, қиялдау және болжау қабілеттерін дамыту. Мерсердің бірлескен жұмысы және әңгімелесу (БЖӘ) арқылы тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы ойлау мен есте сақтау дағдыларын жетілдіру. Жауапкершілік жүктей отырып, өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу.

Нені күшейтеміз

  • Зейін, қабылдау, есте сақтау
  • Ойлау, қиялдау, болжау
  • Тіл байлығы, көркем сөйлеу

Құндылықтар

  • Жауапкершілік және дербестік
  • Ұқыптылық, әдептілік
  • Топта жұмыс істеу мәдениеті

Күтілетін нәтиже

Пәндік нәтиже

Қыс туралы түсініктерін кеңейту. Уақыт, жаратылыс және табиғат туралы ұғымдарының дамуына жағдай жасау.

Жүйелік-іс әрекет нәтижесі

Мәнерлеп оқу дағдыларын, көркем сөзбен сөйлеуді және дүниетанымды кеңейту арқылы өздігінен ізденуге үйрету.

Негізгі идея

Мерсер тәсілі бойынша пікір алмасу және диалог арқылы оқу үдерісін жандандыру; топтық жұмыстың маңызын ашу, қарым-қатынас пен өзара тыңдау мәдениетін қалыптастыру.

Тапсырма көздері

  • Оқулықпен жұмыс

    Өлеңді оқу, талдау, сұрақтарға жауап беру.

  • Қолөнер

    Аққаланы түрлі материалмен құрастыру.

  • Сурет салу

    Қыс көрінісін бейнелеу, сюжеттік суретпен жұмыс.

Сабақ мақсаты

Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып түсінуге жағдай жасау.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, сәлемдесу.
  • Зейінді сабаққа шоғырландыру.
  • Топқа бөлу (қима қағаздарды құрастыру арқылы).
  • Үй тапсырмасын қорытындылау.

Мерсер БЖӘ (сұрақ-жауап)

Бастапқы сұрақ: «Шана» әңгімесінің авторы кім?

Жауап: (оқушылар жауабы)

Кейінгі әрекет: жауапты нақтылау, дәлелдету, толықтыру.

Мерсер БЖӘ (тереңдету)

Бастапқы сұрақ: Жәнібектің сөзіне әкесі неге сасқалақтап қалды?

Жауап: (оқушылар жауабы)

Кейінгі әрекет: себеп-салдарын талдату, мысал келтіру.

2) Қызығушылықты ояту

Ойнайық біз аққала,
Домалатып ақ қарды.
Ойнайық біз топтана,
Салып ғажап бақтарды.

Сурет бойынша әңгіме

  • Суретке назар аударайық: балалар не жасап жатыр?
  • Аққаланы неден жасап жатыр?
  • Аққаланы тағы қандай материалдардан жасауға болады?
  • Қайсысы шын мәніндегі аққала? Неліктен?

3) Мағынаны тану

  • Өлеңді мазмұнына сай мәнерлеп оқу.
  • Әр топ мүшелерінің кезектесіп оқуы.

4) Сергіту сәті

Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған озар.
Бәрінен де қой бағып,
Қозы өсірген озар.

5) Ой толғау

Талдау сұрақтары

  • Өлеңнің күлдіргі жолдарын тауып, мәнерлеп оқы.
  • Аққала жасаудың әдістерін білесің бе?
  • Аққала жасауға қар қандай болуы керек?
  • Тірек сөздер: мамық қар, қасат қар, қырбақ қар
  • Өлеңді оқығанда көз алдыңа қандай көрініс елестейді?
  • Қай топ осы өлеңге әуен ойлап таба алады?

Практикалық жұмыс

  • Дәптермен жұмыс.
  • Әр топ өз таңдаған материалымен аққала жасау тапсырмасын орындайды.
  • Суретпен жұмыс: берілген суретке қарап әңгіме құрастыру.
  • Құрастырған әңгімеге ат қою.

6) Қорытынды (INSERT стратегиясы)

Сабақты қалай қабылдадың?

Қысқаша пікір, бір-екі дәлел.

Білемін

Алдыңғы білімді еске түсіру.

Білдім / Білгім келеді

Жаңа ақпарат және келесі сұрақтар.

7) Үй тапсырмасы

  • «Аққала» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
  • Аққала немесе қыс тақырыбына сурет салу.

8) Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы формативті бағаланады: әр топқа стикер арқылы кері байланыс беріліп, белсенділігі мен ынтымақтастығы ескеріледі.