Түп ата
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
9-сынып
Сабақтың тақырыбы
Жеті ата
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Мұғалім
Шаймұханова Нұргүл Қажыкенқызы
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері туралы қысқаша мағлұмат беру және «Жеті ата» атты ұлттық-танымдық ұғымның мәнін түсіндіру.
Міндеттері
- Оқушылардың сөздік қорын арттыру.
- Тілін дамыту, өз ойын нақты жеткізуге үйрету.
- Жұптық және топтық жұмыста ынтымақтастықты қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Интербелсенді тақта
- Маркерлер, карточкалар, суреттер
- Бағалау парағы
Күтілетін нәтиже
- Сыни ойлау дағдылары дамиды.
- Тақырыпты өздігінен меңгереді.
- Оқу мотивациясы мен қызығушылығы артады.
- Өз идеясын ұсына алады.
Табыс критерийлері
Тақырыппен жұмыс
Тақырып бойынша тапсырмаларды орындай алады.
Тыңдай білу
Сыныптастарын мұқият тыңдайды.
Ойды жеткізу
Өз ойын мүмкіндігінше нақты жеткізеді.
Сұрақтарға жауап
Қолжетімді сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1–2 минут
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
- Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топта спикер болады.
- Спикерлер сабақ барысында критерийлер арқылы бағалайды (критерийлер тақтада көрсетіледі).
- Сабақ соңында топтар бірін-бірі бағалайды.
II. Үй тапсырмасын тексеру
5–7 минут
Үй жұмысы Kahoot бағдарламасы арқылы тексеріледі. Қысқаша кері байланыс беріліп, бағалау жүргізіледі.
Тақырыпқа кіріспе
Бүгінгі сабақ тақырыбы қысқа бейнеролик арқылы ашылады:
https://www.youtube.com/watch?v=_Q2dcGRhcHQОй шақыру
- Бейнематериал не туралы болды?
- «Жеті ата» туралы кім не біледі?
- Оқушылар суреттерден өзін тауып, сабақ басындағы білім деңгейін «ДЕЙІН» бөліміне дәлелдеп белгілейді (суреттерді бояп, тақтаға іледі).
- Күннің жадын және тақырыпты дәптерге жазады: «Жеті ата».
III. Жаңа сабақ
5–13 минут
1) Түсіндіру
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету — атадан балаға жалғасқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы және т.б. жеті атасының есімдерін жаттап өседі. Бір атаның ұрпағынан тараған адамдар аталас болып саналып, туыстық, бауырмалдық, сыйластық қатынасты сақтайды.
Дәстүр бойынша жеті атаға толмай бір-бірімен қыз алыспау — ел ішіндегі бірлікті, тәртіпті және генетикалық тазалықты сақтауға бағытталған қағида.
Жеті ата және жеті ұрпақ (кесте)
| Жеті ата | Жеті ұрпақ |
|---|---|
| 1. Бала | 1. Әке |
| 2. Әке | 2. Бала |
| 3. Ата | 3. Немере |
| 4. Арғы ата | 4. Шөбере |
| 5. Тек ата | 5. Шөпшек |
| 6. Түп ата | 6. Немене |
| 7. Баба | 7. Туажат |
Ескерту: кестені дәптерге жазып алу ұсынылады.
2) Сөздік жұмыс (аудармалар)
Арғы ата
Прадедушка
Тек ата
Прапрадедушка
Түп ата
Прапрапрадедушка
Баба
Прапрапрапрадедушка
Немере
Внук
Шөбере
Правнук
Шөпшек
Праправнук
Немене
Прапраправнук
Туажат
Прапрапраправнук
3) Кітаппен жұмыс
Оқулық: 61-бет, «Жеті ата» мәтіні.
Талқылау сұрақтары
- Мәтінде не туралы айтылған?
- Қазақ халқы жастарға қандай тәрбие беруге тырысқан?
- Жеті атасын білмеген адам қандай деп саналған?
Негізгі тұжырым
Жеті атасын білмеген адам «жетесіз» деп саналған. «Жетесіз» сөзі орыс тіліндегі «безродный» мағынасын береді. Мәтелді дәптерге жазып, мағынасын түсіндіру ұсынылады.
Бұл бөлім соңында қысқаша бағалау және түсініктеме беріледі.
Жазылым арқылы бекіту
3–5 минут
1-топ
Берілген сөздерден мақал құрастырып, мағынасын постерде түсіндіреді.
2-топ
«Жеті ата» тақырыбын сахналап көрсетеді.
3-топ
Берілген сөздерді постерде құрастырып, аудармаларын салыстырады.
Жұмыс соңында бағалау және қысқаша түсініктеме беріледі.
Миға шабуыл (айтылым)
3 минут
- «Жеті ата» және «Жеті ұрпақ» туралы не білдіңдер?
- Сабақ соңында суреттерден өздерін қайта тауып, білім деңгейін «КЕЙІН» бөліміне дәлелдеп белгілейді (бояп, тақтаға іледі).
Бекіту
4–5 минут
Оқушыларға Play Market-тегі «Жеті ата» мобильді қосымшасы таныстырылады. Қосымша арқылы әр адам өз жеті атасы туралы мәліметті жинақтап, жүйелеуге мүмкіндік алады.
Бағалау
3–4 минут
Топ спикерлері тақтада жұмыстарды бағалап, қысқаша түсініктеме береді. Топтар бірін-бірі бағалайды.
Үй тапсырмасы
2–3 минут
Өз бетінше жеті атаңыз туралы мағлұмат жинап келу. Үлгісі тақтада (слайдта) көрсетіледі.