Торғайыңды қоя бер

Тыңдалым № 1

Мәтін: «Тоңған торғай»

Көлемі: 232 сөз

Мұқаш құстарды жақсы көреді. Әсіресе аспанда ұзақ қалықтап, қанатын қақпай-ақ демалатын қырандарға деген ықыласы ерекше. Ол қыранның ешбір құстан қорықпайтын батылдығын, ерлігін әңгіме етіп, інісі Қожанға жиі айтып отырады.

Алматыны ақ қар басты. Қара қарға мен суық торғайлардан басқа құстардың көбі жылы жаққа ұшып кеткелі біраз болды. Кешке мектептен қайтып келе жатқан Мұқаштың алдынан бір суық торғай кес-кестей берді.

Мұқаш ұмтылып ұстайын деп еді, торғай отырған жерінен қозғалмады. Ол торғайды ұстай сала қойнына тығып алды. Әбден мұздаған болуы керек: торғай Мұқаштың дүрсілдеп соққан жүрегін тыңдап, үнсіз жата берді.

Негізгі сәт

Мұқаш үйге қуанып кіріп: «Ата, әже, мен торғай ұстап әкелдім!» — деп, қойнындағы торғайын үйдегілерге көрсетті.

Бүріскен торғай көзін ашты. Әлі бітіп, әлсіреп қалғаны сондай — қорқуды да, қашуды да ойына алмады. Мұқаш алдына нан қоқымдарын қойып еді, торғай шоқып жей бастады. Сөйтіп, біздің үйді бір торғай қыстай мекендеді.

Көктем шықты. Мұқаштың торғайы даланы аңсап, терезеден сыртқа жиі қарайтын болды. Сонда апасы Мұқашқа: «Торғайыңды қоя бер. Оның отаны — анау кең дала, анау биік аспан. Өз Отанына қоя бер», — деді.

Мұқаш біраз ойланды да торғайын босатты. Торғай әуелі терезе алдындағы жас талға қонды, содан соң қанатын қағып ұшып кетті. «Торғайым, жолың болсын», — деді Мұқаш қуанып. Екі-үш ай үйде бірге болған торғайын аяп тұрған да болар — кім білсін.

«Торғайың қыста, мүмкін, қайта келер», — деп жұбатты үлкен апасы. Мұқаш апасының сөзіне шынымен сенгісі келді. Өйткені ол торғайын қатты жақсы көріп кетіп еді.

І нұсқа

Нұсқаулық

  • Өзгеге кедергі келтірмеңіз.
  • Жұмыс барысында академиялық адалдық саясатын басшылыққа алыңыз.
  • Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
  • Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

І. Тест сұрақтары

  1. 1) Мұқаштың қандай құстарға деген ықыласы ерекше болды?

    • A) лашындарға
    • B) қырандарға
    • C) бүркіттерге
    • D) көгершіндерге
    • E) қарғаларға
  2. 2) Мұқаш торғайды ұстаған бойы не істеді?

    • A) қойнына тықты
    • B) алақанына салды
    • C) басына қойды
    • D) қалтасына салды
    • E) арқалады
  3. 3) Мұқаш торғайды немен тамақтандырды?

    • A) сүтпен
    • B) сумен
    • C) нанмен
    • D) маймен
    • E) етпен
  4. 4) Мұқаш торғайға қандай тілек айтты?

    • A) «Торғайым, ақ жол»
    • B) «Торғайым, таудай бол»
    • C) «Торғайым, өркенің өссін»
    • D) «Торғайым, жолың болсын»
    • E) «Торғайым, биікте самғай бер»
  5. 5) Мұқаш кімнің сөзіне сенгісі келді?

    • A) апасының
    • B) атасының
    • C) әкесінің
    • D) ағасының
    • E) анасының

Ескертпе

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тыңдалым жұмыстарының топтамасы» материалын жүктеу бөлімі бұл үзіндіде сілтеме ретінде ғана көрсетілген.