Отыз үшінші сөз
Сабақ туралы мәлімет
- Аймақ
- БҚО, Казталов ауданы
- Мектеп
- Қараөзен мектеп-лицейі
- Мұғалім
- Тасқалиева Альбина Ерболатқызы
- Пән
- Қазақ әдебиеті
- Сынып
- 10-сынып
- Сабақ тақырыбы
- Абай Құнанбаев — «Отыз үшінші сөз»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну.
- Ақынның адамгершілік тәрбиедегі философиялық пайымдарының маңызын ұғыну.
- «Отыз үшінші сөздің» мазмұнын меңгеру.
Дамытушылық
- Оқушыларды өздігінен ой қорытуға, тұжырым жасауға баулу.
- Шығармашылық тапсырмалар арқылы таным-түсінігін дамыту.
Тәрбиелік
- Дүниетанымды қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді сіңіру.
- Ойшыл көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, азаматтық бейнені шыңдау.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту сабағы
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- СТО (сын тұрғысынан ойлау) технологиясының элементтері
- Көрнекілік
- Сызба, суретті парақша, есеп
- Пәнаралық байланыс
- Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, психология
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сыныптың сабаққа дайындығын және қатысу деңгейін тексеру.
- Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлу және топтық амандасу:
II. Үй тапсырмасын тексеру және бекіту
«Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар», т.б.
- «Желдірме»
- «Май түні»
- «Торы жорға»
«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным».
Қоғам қайраткері, әдебиетші, публицист, экономист, аудармашы. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалысқан. Сондай-ақ Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі алғашқы зерттеу мақаласын жазған.
Абайға «Қазақтың бас ақыны» деген атауды беріп, осы туралы мақаласын жариялаған.
III. Жаңа сабақ
Амалды орындаңыз:
7×7 − 18 + 23 − 21 = ?
Нәтиже: 33. Бұл қандай сан есім? Үш тілде айтып, морфологиялық талдау жасаңыз.
Қазақ әдебиеті тарихында жазба әдебиеттің негізін қалаған тұлғалардың бірі — Ыбырай Алтынсарин. Ал сол дәстүрді тереңдетіп, ойшылдық деңгейге көтерген — Абай Құнанбаев.
Ыбырай көркем сөздің көшбасшыларының қатарында аталса, Абайдың қара сөздері — ғақлиялық, даналық мұра. Абай қара сөздерін 1890–1898 жылдар аралығында жазған. Қара сөздерді жаза бастағанда ол 45 жаста еді: ақыл-ойы кемелденіп, өмірлік тәжірибесін таразылай алған кезең.
Осы уақытқа дейін ол Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр еңбектерімен, сондай-ақ Батыс философтары мен ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор ілімдерімен танысып, терең дайындықтан өткен.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын. Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын я оқысын; керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым: енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
- Абайдың қара сөздерінің жалпы саны — 46.
- 46-сөз «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» еңбегі мазмұнына қарай көбіне жеке тарихи шығарма (очерк) ретінде қарастырылады.
- Қара сөздерінде Абай әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшеліктерін тиімді қолданады.
Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль-мазмұн жағынан алғанда, бұл шығармалар — Абайдың өзі тапқан көркем сөздің бір түрі. Көбіне адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді.
IV. Топпен жұмыс
- Мәтінді оқып шығады.
- Топ ішінде түсінеді және талдайды.
- Сыныппен бірге талқылайды.
- Шығарма
- Отыз үшінші қара сөз
- Автор
- Абай Құнанбаев
- Тақырып
- Қазақ қоғамындағы мінез-құлық кемшіліктері және түзелу жолы
- Идея
- Талап пен еңбекті күшейту, адамгершілік пен жауапкершілікті орнықтыру
- Талапсыздық
- Еріншектік
- Мақтаншақтық
- Тамыршылдыққа бейімділік
V. «Асыл сөздің» жалғасын тап
1) Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық…
— Аздырар адам баласын.
2) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті…
— Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
3) Еңбек етсең ерінбей…
— (жалғасын оқушы толықтырады).
4) Баламды медресеге біл деп бердім…
— Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
5) Талап, еңбек, терең ой…
— Қанағат, рақым, ойлап қой. Бес асыл іс, көнсеңіз.
6) Сақалын сатқан кәріден…
— Еңбегін сатқан бала артық.
7) Биік мансап — биік жартас…
— Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады.
VI. Психологиялық сәт
Қысқа сергіту және көңіл күйді тұрақтандыруға арналған жаттығу орындалады.
VII. Бекіту
Оқушылар бір-біріне тақырып бойынша сұрақ қояды, жауаптарын дәлелдейді.
Топтар өзара критерий бойынша бір-бірін бағалайды.
VIII. Үй тапсырмасы
А. Құнанбаев — «Отыз үшінші қара сөз». Мәтінді оқу, мазмұнын жоспар бойынша қысқаша конспект жасау.
IX–X. Бағалау және қорытындылау
Сабақ соңында оқушылардың жұмысы қорытындыланып, жетістіктері мен жақсартуды қажет ететін тұстары бойынша кері байланыс беріледі.