Ұландар зейінін сабаққа аудару
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы
Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер.
Сабақ тақырыбы
Үйсіндердің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы және мәдениеті.
Сабақ мақсаттары
- Үйсіндердің этникалық тарихын түсіндіру.
- Үйсін–Қытай қарым-қатынастарын талқылау.
Ойлау дағдылары деңгейі
Түсіну, анықтау, талдау.
Тілдік мақсаттар
Негізгі ұғымдар мен тірек сөздер
усун
ушин
уйшин
хуши
күнби
гуньмо
тулы
оңқа билер
даруға
атқосшы
Құндылықтарға баулу
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығын дәріптеу.
Пәнаралық байланыс
География.
Сабақтың басы (10 минут)
- 1 Сәлемдесу.
- 2 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- 3 Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы пысықтау.
Қайталау сұрақтары
- Үйсіндерде жекеменшік қалай пайда болды?
- Үйсін қоғамындағы байлықтың негізгі көзі неде болды?
- Үйсіндер құл еңбегін пайдаланды ма?
- Меншіктің пайда болғанын қандай деректер дәлелдейді?
- Үйсіндер мемлекеті туралы қандай деректерде көбірек айтылады?
- Үйсіндерде мемлекет билеушісін қалай атаған?
Сабақтың ортасы
Тапсырма 1: Карточкалық сұрақтар
Жұптық/топтық жұмыс
1-карточка
- Үйсіндер туралы қандай жазба деректер бар?
- Үйсіндер мемлекетінің орналасқан аумағын картадан көрсете отырып сипаттаңдар.
2-карточка
- Жазба деректерде үйсіндер қай ғасырдан бастап аталады?
- Қытай деректерінде қаңлылар мемлекеті қанша және қандай бөліктерден тұрады деп көрсетіледі?
Дескриптор
Үйсін және Қаңлы мемлекеттері туралы мәліметтерді анықтайды.
Тапсырма 2: Сызбаны толтыру
Топтық жұмыс
Оқушылар үйсіндердің басқа мемлекеттермен байланысы мен мәдениетіне қатысты негізгі ұғымдарды жүйелеу үшін сызбаны толтырады.