Қазақ тілі 8 сынып Сабақтың тақырыбы
Пәні мен тақырыбы
Пән
Қазақ тілі (8-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Құрмалас сөйлемді қайталау
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін тереңдету, жүйелеу, бекіту және қорытындылау.
Дамытушылық
- Пәнге қызығушылықты арттыру, ойлау белсенділігін дамыту.
- Ауызша және жазбаша жүйелі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
- Топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Өз ойын еркін, ашық жеткізуге үйрету.
- Шығармашылық қабілетін шыңдау.
Тәрбиелік
- Іс-әрекетте мақсатқа жетудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білуге тәрбиелеу.
- Өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру.
- Ойды жүйелі айтып, талдай білуге үйрету.
Сабақтың форматы
Сабақтың типі
Қайталап жинақтау, қорыту
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы
Сабақтың әдістері
Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау, салыстыру, талдау
Технология
Интерактивті тақта арқылы материалдар мен сызба-кестелерді көрсету, ойды жинақтау.
Көрнекіліктер мен құралдар
Слайд
Негізгі ұғымдарды визуализациялау
Сызбалар мен схемалы кестелер
Ережені құрылымдап көрсету
Венн диаграммасы
Түрлерін салыстыру
Бес жолды өлең
Ойды ықшамдап жеткізу
Графикалық диктант
Түсінуді жедел тексеру
Сабақтың эпиграфы
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар екен?! Тәуелсіздік — алтын күмбез десек, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі — рәміздеріміз бар. Оның біріншісі — Елтаңба, екіншісі — Әнұран, үшіншісі — Көк байрақ, төртіншісі — Қазақ тілі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және топтық жұмысқа белсендіру.
Дыбыстық жаттығулар
Оқушыларды сабаққа дайындауға арналған дыбыстық жаттығулар орындалады. Бұл жаттығулар өмірге құлшынысты арттырып, көтеріңкі көңіл күй мен шабыт қалыптастыруға бағытталған.
Топқа бөлу және талдау
Оқушыларға қима қағаздар таратылады. Қағаздағы сөздерді сәйкестендіріп құрастырғанда үш сөйлем шығады. Сол сөйлемдердің құрылымына қарай оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ өз сөйлеміне ауызша синтаксистік талдау жасайды.
I топ
Салалас
II топ
Сабақтас
III топ
Аралас
II. Үй тапсырмасын пысықтау
Үйге берілген сынақ тапсырмасындағы «Әр қилы тағдырлар» және «Өнердегі өнегелі өмірлер» тақырыптарындағы эсселер оқытылады.