Жеті лақ ертегісі. Сабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
7 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды 7 санының құрамымен таныстыру; 7 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру.
- Ертегіні зейін қоя тыңдауға, ұшқыр ойлап, тез жауап беруге тәрбиелеу.
- Ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ ресурстары мен тәсілдері
Көрнекілік
Интерактивті тақта.
Әдіс-тәсілдер
Талдау–жинақтау, қызығушылықты ояту.
Жаңа технология
Интерактивті оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі: психологиялық дайындық
Қайырлы таң, досым,
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр күні,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Сұрақ-жауап
- Мұғалім:
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Оқушылар:
- Төрт мезгіл бар.
- Мұғалім:
- Қазір бізде қай мезгіл?
- Оқушылар:
- Қыс мезгілі.
- Мұғалім:
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Оқушылар:
- Күн суытады, қар жауады. Адамдар жылы киінеді.
II. Математикалық жұмбақ
Мұғалім оқушыларға жұмбақ беріп, шешуін табуды ұсынады. Оқушылардың жауабы: «Жеті».
Шешу жолы: 5 санына 2 санын қостық.
III. Жаңа материалды меңгерту
Бүгінгі математика сабағында 7 саны мен цифрын өтеміз.
Есепшотпен жұмыс
Есепшоттан алтысын шығарып алып, сол алты есепшотқа бір есепшотты қоссақ, нешеу болады?
Жауап: 7.
Суретпен жұмыс
Суретте боялған үшбұрыштарды санаймыз: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.
Қорытынды: 6 санынан кейін 7 саны келеді.
7 саны туралы білімді кеңейту
- 7 ата
- 7 күлше
- 7 күн
Ертегімен байланыс: «Жеті лақ»
Оқушылар 7 санына қатысты ертегіні еске түсіреді: «Жеті лақ». Содан кейін ертегінің үзіндісі тыңдалады.
Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, бір ешкі мен оның жеті лағы өмір сүріпті. Ешкі күнде үйінен жем іздеп кетеді екен. Кетерінде лақтарына: «Лақтарым, шырақтарым! Егер қасқыр келіп, есікті қақса, ашпаңдар», — деп ескертеді.
Бір күні қасқыр есік қағып, лақтарды алдап соғып алып кетеді. Тек бір лақ қана тығылып қалып, анасына болған жайтты айтып береді. Ешкі не істерін білмей қалады.
Мұғалім: «Ешкіге көмектесеміз бе?»
Оқушылар: «Иә!»
Қасқыр лақтарды бір-бірлеп жемей қоюы үшін, оқушылар тапсырмаларды орындауы керек.
Қасқырдың тапсырмалары
1-тапсырма
Суреттер бойынша өрнектер құрастыр.
Нәтиже: бірінші лақ құтқарылды.
2-тапсырма
Ой сергіту (ауызша есептеу).
Нәтиже: екінші лақ құтқарылды.
3-тапсырма
Дәптермен жұмыс: 7 санын жазу.
Нәтиже: үшінші лақ құтқарылды.
IV. Сергіту жаттығуы
Алтайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Неше болар шешуі?
Жауабы: 7
Жеті асықтың біреуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Жауабы: 6
4-тапсырма: «Кім шығармашыл?»
>, <, = таңбаларын қолданып, сандарды салыстыр.
Нәтиже: төртінші лақ құтқарылды.
5-тапсырма
Берілген тапсырма орындалады.
Нәтиже: бесінші лақ құтқарылды.
6-тапсырма
Өрнектің мәнін тап.
Нәтиже: алтыншы лақ құтқарылды.
Қорытынды: лақтар аман-есен анасына тапсырылды.
V. Бекіту
Сұрақ: Бүгін қандай санмен таныстық?
Жауап: 7 санымен таныстық.
VI. Қорытынды
Сұрақ: Суретте бала нешінші баспалдаққа мініп бара жатыр?
Жауап: жетінші.
Тура санау
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
Кері санау
7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
VII. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы беріледі.
VIII. Бағалау
Лақтарды құтқарғандарың үшін, ешкі сендерге өз «бестік» бағаларын ала келді.
IX. Сабақтың аяқталуы
Лақтарды біз қамайық,
Кітап, дәптер жабайық.
Қонақтармен қоштасып,
Сау-саламат болайық.