Ауыспалы өткен шақ

7-сынып қазақ тілі: жылдық жоспар және күнделікті сабақ жоспары

Бұл материал 7-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша жоспарлауға көмектеседі: жылдық күнтізбелік жоспардың тиісті бөлімі және «Өткен шақ» тақырыбы бойынша күнделікті сабақ жоспары ұсынылады.

Тақырыптар (41–45)

  • 41 Өткен шақ
  • 42 Жедел өткен шақ
  • 43 Бұрынғы өткен шақ
  • 44 Ауыспалы өткен шақ
  • 45 Диктант

Сабақ жоспары: «Өткен шақ»

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Талдау

Көрнекіліктер

  • Үлестірмелі кеспе қағаздар
  • Кестелер (таблицалар)

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Сабақтың мақсаты

  • а

    Етістіктің шақтары туралы түсінік беру; соның ішінде өткен шақтың жасалу жолдарын түсіндіру.

  • ә

    Ана тілін және рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу; тапқырлыққа баулу; адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

  • б

    Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.
  • Сынып тазалығына көңіл бөлу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге берілген жаттығу тексеріледі. Кеспе қағаздар үлестіріліп, жауап алу ұйымдастырылады.

Қайталау сұрақтары

  1. Мақсатты келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
  2. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?

3) Жаңа сабақты түсіндіру

Өткен шақ — қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болғанын, аяқталғанын білдіреді.

Мысалдар

  • Ол оқуды бітірді.

  • Мен бұл кітапты оқыдым.

  • Ол кезде сен оннан асқансың.

Бұл сөйлемдердегі бітірді, оқыдым, асқансың етістіктері қимылдың бұрын болғанын білдіріп, өткен шақ мағынасын береді.

Өткен шақтың түрлері

  • Жедел өткен шақ

  • Бұрынғы өткен шақ

  • Ауыспалы өткен шақ

Жаттығумен жұмыс

143-жаттығу: өткен шақ мағынасын білдіріп тұрған етістіктерді табыңдар.

4) Білімді бекіту

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріледі. Төмендегі сұрақтар арқылы тақырып бекітіледі:

  1. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
  2. Келер шақ нешеге бөлінеді?
  3. Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
  4. Мақсатты келер шақ қандай жолдармен жасалады?
  5. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?

5) Білімді бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен ынтасына қарай білімдері бағаланады.

6) Үйге тапсырма

  • Өткен шаққа бірнеше мысал сөйлем жазу.
  • Тақырыптың толық нұсқасымен танысу.