Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Сабақтың тақырыбы
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Химиялық реакция типтері туралы білімді тереңдету және реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.
Дамытушылық
Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену және есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, жауапкершілікке және өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың ұйымдастырылуы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері
Деңгейлеп оқыту.
Көрнекілігі
- АКТ
- Кодоскоп
- Д. И. Менделеевтің периодтық кестесі
- Үлестірме материалдар
Тірек білім мен біліктер
Бұл сабақта төмендегі ұғымдар мен дағдыларға сүйенеміз:
Негізгі ұғым
Зат мөлшері
Есептеу
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы
Өлшем бірлік
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі
Дағды
Салыстырмалы молекулалық массаны есептеу