Күбі қандай бұйым

Сабақ туралы мәлімет

Өтетін орны

ОҚО, Шымкент қаласы, №55 жалпы орта мектеп

Пән

Сызу және технология

Мұғалім

Назаров Батырхан Досболович

Сынып

9 «А» сыныбы

Сабақтың тақырыбы

Күбі. Күбіні қолдану әдістері.

Мақсаты

Ертеден қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйым — күбі туралы мағлұмат беру, оны қалай қолданатынын көрсету және үйрету.

Күтілетін нәтижелер

  • Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
  • Күбі туралы толық мағлұмат алады және тарихын біледі.
  • Күбіні қолдану жолдарын меңгереді.
  • Өз ойларын жүйелі әрі дәлелді жеткізеді.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап, ой қозғау, «миға шабуыл»
  • Интерактивті әдістер, диалог
  • Топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, жеке жұмыс

Дереккөздер мен құрал-жабдықтар

Құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Ноутбук
  • Интернет, слайдтар

Әдебиеттер

  • «Технология» оқулығы, 8-сынып. Мектеп, 2008 ж.
  • «Қазақтың қолданбалы өнері». Д. Шоқпарұлы, Д. Дәркембайұлы. Алматыкітап, 2007 ж.
  • Мұражай бұйымдары

Сабақтың құрылымы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: әр топ бір-біріне тілек айтады.
  • Өткен тақырыптағы ұршық бөлшектерінің атаулары бойынша топқа бөлу: «Ұршық», «Қаңғалақ», «Мұрындық».
  • Топтық жұмыстың ережесін түсіндіру: тапсырмадан ауытқымау, тәртіп сақтау.
  • Топ басшыларын бекіту және міндеттерімен таныстыру.

2) Өткен сабақты қайталау (сұрақ-жауап)

Ұршық туралы не білеміз?

  1. Шебердің жұмыс істейтін орнын қалай атайды?
  2. Ұршықты не үшін пайдаланамыз?
  3. Ұршықты қандай ағаштан жасайды?

Үй тапсырмасы

  1. Күбі қандай бұйым?
  2. Күбі туралы не білесің?

3) Жаңа тақырыпты меңгеру

  • Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын түсіндіру.
  • «Миға шабуыл» арқылы бастапқы ойларды жинақтау.
  • Тұсаукесер: интерактивті тақтада күбі туралы слайдтарды көрсету.