Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету
Сабақтың тақырыбы
«Бауырсақ» ертегісін сахналау арқылы балалардың ертегі әлеміне қызығушылығын арттыру, кейіпкерлердің мінез-құлқын, сөз мәнерін және қимыл-қозғалысын шынайы жеткізуге үйрету.
Мақсаты
- Ертегі әлеміне деген қызығушылықты қалыптастыру.
- Сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.
- Кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келістіріп ойнауға дағдыландыру.
- Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал ету.
Әңгімелесу және ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн — бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше, қонақтармен сәлемдесейік.
Сәлемдесу өлеңі
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге —
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Балалар: «Сәлеметсіздер ме, апайлар!»
Тәрбиеші: Енді орындарымызға отырайық.
Ертегі әлеміне саяхат
Тәрбиеші: Балалар, есімізге түсірейікші, ертегілер әдетте қалай басталады?
Балалар: «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде…», «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір тұрыпты…» — «Ерте-ерте, ертеде…» деп басталады.
Қозғалыс-ойын элементі
Тәрбиеші: Ертегілер әлеміне бару үшін қандай көлікпен барамыз?
Балалар: «Пойызбен барайық, тез жетеміз!»
(Пойыздың дыбысы естіледі. Балалар «жолға шығып», ертегі әлеміне «келеді».)
Тәрбиеші: Міне, ертегі әлеміне жеттік. Қане, жайғасып отырайық.
Қай ертегі екенін табайық
Тәрбиеші: Бүгін қандай ертегіні сахналайтынымызды білу үшін сендерге кейіпкерлерді жасырып көрейін. Бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен?
Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап беріп, «Бауырсақ» ертегісін еске түсіреді және мазмұнын қысқаша айтып береді.
Сахналауға шақыру
Тәрбиеші: Ендеше, бәріміз «Бауырсақ» ертегісін сахналайық!
Қорытынды және қоштасу
Сахналау аяқталған соң балалар мадақталып, қонақтармен жылы қоштасады.
Қоштасу өлеңі
Балалар, шеңбер құрайық,
Қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!