Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер
Сабақтың мақсаты
«Арманыңа қадам бас!» әңгімесін шынайы өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың «Дұрыс әрекет» құндылығы туралы түсінігін кеңейту.
Сабақтың міндеттері
- Уақытты үнемдеуді үйрету және азаматтық жауапкершілікті сезінуге бағыттау.
- Қоғамға риясыз қызмет етудің маңызын түсіндіру.
- Оқушыларды әділеттілікке және қанағаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Тыныштық сәті: «Орманға саяхат»
Баяу әуенмен жүргізіледі. Оқушыларға арқа мен иықты тік ұстап, көзді жұмып, тынысты реттеу ұсынылады.
Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыздар. Елестетіңіздер: қазір біз бірге орманға саяхатқа шығамыз.
Орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шыққандарыңызды көз алдыңызға келтіріңіздер. Таза ауаны сезініңіздер. Терең тыныс алып, күн шуағының жылуын жүздеріңізден байқаңыздар.
Енді орманға қарай бет алыңыздар. Орманға кіріп, жан-жағыңызға қараңыздар: айнала әсем, түрлі-түсті гүлдерге толы. Тағы да терең тыныс алыңыздар.
Алдарыңыздан бір гүлді көрдіңіздер. Жақындап, оның хош иісін сезініңіздер. Құстардың әні, ағаштардың жұпар иісі, жәндіктердің сыбдыры — бәрі де анық естіледі.
Ағаштарға назар аударыңыздар: олар биік әрі асқақ. Бір ағашты таңдап, соған жақындаңыздар. Ақырын құшақтап тұрыңыздар — ағаштың қуатын сезініңіздер.
Енді ағашты жайлап жіберіп, түбіне отырыңыздар. Жан-жағыңызға қараңыздар: орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыздар ма? Осы сәтті біраз уақыт сақтаңыздар.
Бұл — сіздің ағашыңыз. Қалаған кезіңізде ойша осында қайта орала аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, кері қайтуға дайындалыңыздар.
Келген жолдарыңызбен орманнан шығып, мектепке қайта кіріңіздер. Кабинетке келіп, орындарыңызға отырыңыздар. Осы тыныштық пен жылылық сезімін жүректеріңізде сақтаңыздар.
2) Дәйексөз
«Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ; бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ».
Талқылауға арналған сұрақтар
- Дәйексөздің негізгі мағынасы қандай?
- Неліктен арман «жарық жұлдызға» теңеледі?
- «Бағдар» сөзін қалай түсінесіңдер? Өмірде ол нені білдіреді?