Мәтін бойынша сұрақтар

1-сынып • Сабақ жоспары

Тақырыбы: Мемлекеттік тіл. Буын

Негізгі мақсат

Оқушылардың түсініп, дұрыс оқу және көркем жазу дағдыларын жетілдіру; буын туралы білімін тереңдету; сөздік қорын байыту; кішіпейілділікке, адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Мәтінді оқи отырып, сабаққа қызығушылығы артады.
  • Мәнерлі сөйлеуге дағдыланады.
  • Шығармашылық ізденісі дамиды.

Әдістер мен жабдықтар

Сабақтың әдістері

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сәйкестендіру.

Керекті жабдықтар

Суреттер, сәйкестендіру қағазы, қағаздан жасалған гүлдер.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут
  • Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

10 минут

«Миға шабуыл»

Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қою.

«Біздің елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Жаңа сабақ

20 минут

Мұғалім мәтінді оқиды. Оқушылар мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді.

Мәтін бойынша сұрақтар

  • Мәтін не туралы?
  • Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
  • Қазақстанда қандай халықтар мекендейді?
  • Еліміздің «Қазақ елі» деп аталуы неліктен?
  • Тіл туралы қандай өлең білесің?

Назар аударту

Кілтті ұғым: Буын

Оқушылар сөздерді буынға бөліп, бір буынды және екі буынды сөздерді ажыратады.

Оқу дағдысы

Түсініп оқу • Мәнерлеп сөйлеу • Дұрыс жазу

Дәптермен жұмыс

83-жаттығу

Көшіру

Өлеңді көп нүктенің орнына тиісті буынды қойып, көшіріп жаз.

Ортақ мекен — жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы —
Достығымыз жарасқан.

Сергіту сәті

Қозғалыс

Оқушылар сөздерді буын санына қарай топтастырады.

Бір буынды сөздер

жер, күн, ай, нан, көл, бал, бақ, тіл, тіс

Екі буынды сөздер

халық, парта, тас, ұя, ойын, мектеп, есік, қалам, дәптер, кітап

84-жаттығу

Сәйкестендіру

Суреттегілердің мекенжайын тап. Сәйкестендіру тапсырмасын орында.

Ұсыныс

Оқушылар жұппен жұмыс істеп, суреттерді тиісті «мекенжайымен» (үйі, ұясы, іні, суы, орманы т.б.) сәйкестендіреді.

Қорытынды бөлім

Ой толғаныс

10 минут

Буыннан сөз құрастыру: са, жа, ба. Оқушылар берілген буындардан сөз ойлап тауып, дауыстап оқиды және дәптерге жазады.

Үй тапсырмасы

Тіл туралы бір шумақ өлең жазып келу.

Бағалау

2 минут

«Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау: жасыл — түсіндім, сары — әлі де жаттығу керек, қызыл — көмек қажет.

Мұғалім туралы

Бастауыш сынып мұғалімі

Салықбаева Маржан Нұржанқызы