Жануарлар жайлы қызықты материалдар жайлы мәлімет беру
Ашық сабақ: Дүниетану (4-сынып)
Тақырыбы: Жануарлар әлемінің сан алуандығы. Жануарларды қорғау.
Мақсаты (білімділік)
- Жануарлар әлемінің сан алуандығы және тіршілігі туралы түсінік қалыптастыру.
- Көзге түскен жануарларды бақылап жүруге баулу.
- Жануарлар туралы қызықты материалдармен таныстыру.
Мақсаты (дамытушылық)
- Сөздік қорын, ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
- Қызықты мәліметтер арқылы пәнге қызығушылығын арттыру, білімін шыңдау.
Мақсаты (тәрбиелік)
- Табиғатты сүйіп, түсіне білуге тәрбиелеу.
- Жануарларды қорғауға, күтіп-бағуға үйрету.
- Байқампаздыққа баулу.
Сабақ параметрлері
- Сабақтың түрі:
- Жаңа сабақ.
- Өтілу әдістері:
- Сұрақ-жауап, топтау, түсіндіру.
- Пәнаралық байланыс:
- Ана тілі, қазақ тілі.
Көрнекі құралдар
- Тірек сызба
- Жануарлар суреттері
- Ребус
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
Қоршаған орта әлемі —
Не деген көркем, әдемі.
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық.
2) Үй тапсырмасын тексеру
- аӨсімдік түрлерін ата.
- әЫлғалсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді, жарықсүйгіш және көлеңкеге төзімді, жылусүйгіш және аязға төзімді өсімдіктерді ата.
- бҚандай өсімдік біржылдық, екіжылдық және көпжылдық деп аталады?
- вҚандай өсімдік жабайы, ал қандайы мәдени деп аталады?
- гӨмір сүру ортасы деген не?
- еӨсімдіктерді қорғау үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?
3) Сөзжұмбақ шешу
1. Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты, жан шыдамас үндері бар.
Жауабы: жолбарыс
2. Үстінен тоны түспеген,
Сонда да аязды қыспенен.
Жауабы: аю
3. Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорыққан.
Жауабы: жылан
4. Ай астында ақ мамық,
Жатыр суды жастанып.
Жауабы: аққу
5. Торпаң-торпаң тарбиған,
Түрі жаман, жарбиған.
Жауабы: тасбақа
6. Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды.
Жауабы: өрмекші
Жаңа сабақ
Табиғатта жануарлар өте көп. Олардың алуан түрлілігі соншалық — әрқайсысы туралы ұзақ әңгімелеуге болады. Жануарлар бірнеше топқа бөлінеді.
Жануарлар топтары
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мұғалім оқиды.
- Кейін оқушыларға кезекпен оқытылады.
Қосымша топтар
Жануарларға тағы мынадай топтар да жатады:
Сергіту сәті
Табиғат қандай тамаша,
Тоймаймыз біз де тамсана.
Аңдар еркін жүреді,
Балықтар шіркін жүзеді.
Табиғаттың жыры көп,
Табиғаттың сыры көп.
Сен білесің бе?
Қызықты деректер топтамасы
-
Кенгуру артқа қарап жүре алмайды.
-
Төрт тізесі бар жалғыз жануар — піл.
-
Бегемот су астында туады.
-
Керік тілінің түсі қап-қара.
-
Басымен тұра алатын жалғыз жануар — піл.
-
Жыландар қоректенбей 3 жылға дейін ұйықтай алады.
-
Ұлу тістерін тілінің үстінде (тілінде) ұстайды.
-
Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды.
-
Кесіртке судың бетімен де жүре алады.
-
Пілдер бір-бірін 50 шақырымға дейінгі қашықтықта ұғыса алады.