Қанат қақты география пәніне арналған қызықты сұрақтар
«Жаратылыстану ғажайыптары» білім сайысы (8–10 сынып)
12–17 қаңтар аралығында химия, биология және география пәндері бойынша апталық жарияланған болатын. Сол апталықтың қорытындысы ретінде 8, 9, 10-сынып оқушылары арасында «Жаратылыстану ғажайыптары» атты білім сайысын бастаймыз.
Мақсаты
Химия, биология, география пәндерінен алған білімді саралау; алғыр әрі білімді оқушыларды анықтау; пәндердің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттерін танып-білуге үйрету.
Көрнекіліктер
- Табиғат туралы нақыл сөздер
- Слайдтар
Кештің барысы
- Ұйымдастыру
- Негізгі бөлім
- Қорытынды
Жүргізуші сөзі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін өздеріңізге белгілі 12–17 қаңтар аралығында химия–биология–география апталығы өтті. Сол апталықтың қорытындысы ретінде 8, 9, 10-сыныптар арасында өткізілетін «Жаратылыстану ғажайыптары» атты білім сайысын бастаймыз.
«Біз жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі».
Н. Ә. Назарбаев
Сайыс кезеңдері
- «Сәлем – сөздің анасы» — топтық таныстыру.
- Пәндер бойынша сұрақ-жауап.
- «Мен білемін» — биологиядан қызықты сұрақтар.
- «Қанат қақты» — география пәніне арналған қызықты сұрақтар.
- «Сиқырлы конверт» — химиядан қызықты сұрақтар.
- Қорытынды.
Әділқазы мүшелері
Әділқазы алқасы сайыс барысында жауаптардың нақтылығы, логикалық ойлау, топтық жұмыс және уақытты тиімді пайдалану критерийлері бойынша бағалайды.
Пәндерге арнаулар
Биология
Табиғаттың құпиясы — тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік.
Білген сайын сырын оның жүреміз, жүректерге өшпес жалын, нұр құйып.
Табиғаттың қадірлеп қасиетін, әділдікке әрқашан бас иетін:
«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» — халықтың орынды өсиеті.
Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ: досың — жер, су мөлдір, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын, осыларды қорлау — неткен сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды, барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас: әр ұрпаққа туған жер не берсе де, беретіні — қарызға.
География
Табиғатым, сырың терең — неткен кең: тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен.
Күн көзінен күмістей шағылған нұр, көз алдымда көкорай гүлді кезең.
Кең даламда шертілген сыбызғы үні, тебіренген бар тіршілік, аспан нұры.
Құстар да қылықтап жан тербеген — о, табиғат, неткен керемет ең!
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам: ағаштарың әдемі бұралған.
Бар керемет қасиет — сенен екен, әрқашан да боламын саған қорған.
О, табиғат, сырың да терең екен: тұнып тұрған қойнауың — өлең екен.
Қанымдағы қасиет — сенен екен: не деген керемет ең, керемет ең!
Химия
1) Периодтық жүйеге арнау
Элементтерді жүйелеуге талай жан еңбек еткен, ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен.
Заманында бар элементті топқа бөліп, заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен.
Ол заңмен жеті период орналасқан, тігінен сегіз топқа арна ашқан.
Толтырып сол арнаның бос орнын — бұл күнде элемент саны жүзден асқан.
Жүрмейсің мұны біліп қате басып: атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр, сап құрап, массаға сай қатарласып.
2) «Химияны оқу — парыз»
Химияны оқу — парыз әркімге: оқиды оны барлық елде, әр тілде.
Химияның оқыңдар әр бөлімін — кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен: кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз — химияны біліңдер: тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
Химияның әлемі — қызық әрі тартымды, өз сырымен химия қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар, ғылымға көз ашып, танысыңдар табиғаттың ғажабын.
Пәндер бойынша сұрақ-жауап
І топ сұрақтары
- Жерден тыс денелер қалай аталады? (Ғарыштық денелер)
- Табиғаттанушыларға арналған қанша қағида бар? (8)
- Күн мен Жердің орташа арақашықтығы: 150 млн км.
- Өзеннің бастауынан құяр жеріне дейінгі аралық қалай аталады? (Өзен алабы)
- Ұйқы безінің гормоны: (Инсулин)
- Жасушасыз тірі ағза: (Вирус)
- Жүйке жасушасы: (Нейрон)
- Өрмекшілерді зерттейтін ғылым: (Арахнология)
- Тұздың суда еруі қандай құбылыс? (Физикалық)
- Ауыл шаруашылығында өсімдіктердің өнімділігін арттыратын химиялық заттар: (Минералды тыңайтқыштар)
- Халық шаруашылығында пайдаланылатын қажетті заттар қалай жіктеледі? (Жанатын, кенді, кенсіз)
- Жасыл немесе қара түйіршік түрінде кездесетін қопарылғыш зат: (Порох)