Бала деген бір бақыт
«Бала деген бір бақыт!»
«Балауса» балабақшасының 5 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынның сценарийі. Бұл мереке 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келіп, дәстүрлі түлектердің қоштасу кешімен үйлесім табады.
Өтетін орны
Балабақша ауласы
Атмосфера
Музыка ойналады. Аула мерекеге сай безендірілген. Фанфар.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Жүргізуші: Құрметті халайық, жиналған қауым! 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспалдас келіп тұрған дәстүрлі түлектеріміздің қоштасу кешіне және балабақшамыздың 5 жылдық мерейтойына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Міне, тағы бір жылды артқа тастап, балабақшамыздың 21 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықтың бал шырыны өткен сүйікті ордасымен қоштасқалы тұр.
Жүргізуші: Бұл күн — балабақша тарихында да, жыл сайын ұшқан түлектердің де, бүгінгі түлектердің де есінде мәңгі өшпейтін күн.
Көрініс
«Шашу» биі
Поэтикалық арнау
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегі —
Бала емес пе, балбұлақты жалғайтын.
Сүйкімділер, періштелер — сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін.
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
Иә, рас: бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезді еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де?
Осы сөздермен «Бала деген бір бақыт!» тақырыбындағы бүгінгі салтанатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Қонақтарды қарсы алу
Жүргізуші: Салтанатты жиын төріне төмендегі қонақтарды қошеметпен қарсы алайық.
Арнау
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.