Оқушының білім сапасына салыстырмалы талдау

Алғы сөз

Бұл қосымша әдістемелік құрал 4-сынып оқушыларына арналған. Жинақ бастауыш жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізу, оларды аралық және қорытынды аттестаттау тәртібін реттейтін үлгі ережелерді басшылыққа ала отырып құрастырылды.

Ағымдағы бақылау дегеніміз не?

Ағымдағы бақылау — мұғалімнің жалпы білім беретін бағдарламаға сәйкес сабақ барысында білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеруі. Ол әрбір тақырып пен тарау бойынша оқу материалының меңгерілу деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.

Мақсаты

  • Қазақ тілінде тыңдағанын түсіне білуге және жазуға дайын болуға үйрету.
  • Грамматикадан алған білімді практикада қолдану білігі мен дағдыларын тексеру.
  • Туған жеріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Негізгі мақсаты

Оқыту тілі орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларын қазақ тілінен алынатын ағымдағы бақылауға дайындау.

Ағымдағы бақылау міндеттері

  • Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
  • Оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін айқындау.
  • Оқушы білім сапасына салыстырмалы талдау жүргізу.

Диктант мәтіндері мен тапсырмалар Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы дайындаған емтихан материалдары негізінде құрастырылды.

0-дік бақылау үзігі

Мақсаты: мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын тексеру; оқушылардың сауаттылығын және грамматикалық білімін практикада қолдану дағдыларын анықтау.

Диктант + тапсырма

Диктант: «Ала мысық»

Көлемі: 40 сөз

Ала мысық алаңсыз. Ұйқысы тыныш. Тамағы тоқ. Төсегі жұмсақ. Үсті-басы таза. Мысық — тазалықты ұнататын үй жануары. Марат оны сабындап жуындырады. Тіпті ұйықтағанда да бірге алып жатады. Осы үйде оны бәрі еркелетеді. Жонынан сипауға баршасы құмар. Ол өте сүйкімді. Ойнағанды жақсы көреді.

I. Фонетикалық талдау

  • I нұсқа: мысық
  • II нұсқа: бәрі

II. Сөз құрамына талдау

  • I нұсқа: жануарлар, балалар
  • II нұсқа: үйлер, адамдар

III. Шағын мәтін құрастыру

  • I нұсқа: Мысық туралы әңгіме құрап жазыңдар.
  • II нұсқа: Ит туралы әңгіме құрастырыңдар.

Диктант: «Қазақстан қалалары»

Көлемі: 47 сөз

Қарағанды — Орталық Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталығы. Қостанай — мәдениет орталығы. Жамбыл — ірі өнеркәсіп орталығы. Қызылорда қаласының тарихы бай. Алматы — Қазақстанның бұрынғы астанасы. Алатау баурайында орналасқан. Оның бұрынғы аты — Верный. Қала болып 1854 жылы қаланған. Бұл — ғылым және мәдениет орталығы. Медеу мұз айдыны бар. Медеу шыңында 871 баспалдақ бар.

I. Фонетикалық талдау

  • I нұсқа: орталық
  • II нұсқа: мәдениет

II. Сандарды сөзбен жазыңдар

1854, 871

III. Сұраққа жауап бер

Павлодар туралы не білесің?

Аралық бақылау жұмысы

Мақсаты: сауаттылық деңгейін тексеру; тыныс белгілерін дұрыс қоя білуін бақылау; есте сақтау қабілетін дамыту; өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар орындату; өз Отанының тарихын қастерлеуге тәрбиелеу.

Диктант + тапсырма

Диктант: «Астана»

Көлемі: 45 сөз

Қараөткел, Целиноград — қаланың бұрынғы атаулары. Бұрынғы аты — Ақмола. Есіл өзені бойында 1854 жылы әскери бекініс ретінде пайда болған. 1868 жылы қала мәртебесін алды. Керуен жолдарына қолайлы болғандықтан Дала өлкесі деп атанған. Қазір Астана — Қазақстанның солтүстік астанасы. 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы.

I. Фонетикалық талдау

  • I нұсқа: әскери
  • II нұсқа: мәртебе

II. Сандарды жазбаша жазыңдар

1854, 1868, 1998

III. Тәуелдеу

  • I нұсқа: өлке
  • II нұсқа: астана

IV. Шығармашылық жұмыс

«Менің ауылым» тақырыбында әңгімелеу.

Тақырыптық диктанттар

Бұл бөлімдегі мәтіндер тыңдалым, сауаттылық және грамматикалық білімді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Практика

Диктант: «Спорт»

Көлемі: 47 сөз

Мақсаты: тыңдағанын түсініп жаза білу; грамматикалық білімді қолдану дағдыларын тексеру; спорттың денсаулыққа пайдасын түсінуге тәрбиелеу.

Спорт — адам өмірін ұзартады. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды болады. Біздің ата-бабамыз «тәні саудың — жаны сау» деген. Спорттың түрлері өте көп. Ол адамның қабілетіне байланысты. Спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлеміз. Денсаулық пен өмірді нығайту үшін кем дегенде спорттың 33 түрімен айналысу керек.

1-тапсырма

Спорт түрлерін ата.

2-тапсырма

«Спорт» сөзін тәуелде.

3-тапсырма

Қандай спорт түрін ұнатасың? Несімен ұнайды?

Диктант: «Ең жақсы сыйлық»

Көлемі: 45 сөз

Мақсаты: тыңдағанын түсініп жаза білу; грамматикалық білімді қолдану дағдыларын тексеру; сыйлықты орынды таңдауға тәрбиелеу.

Досыңды атаулы мерекемен немесе туған күнімен құттықтағың келгенде, кітап сыйлағаның дұрыс. Кітап — ең жақсы сыйлық. Қажетті кітапты мұқият таңдап алуың керек. Өзің мазмұнын білмейтін, кез келген кітапты сыйға тарту дұрыс емес. Тағы бір ескеретін нәрсе: құттықтау сөзіңді кітапқа жазуға болмайды. Ол тек кітап авторына ғана жарасады.

1-тапсырма: тәуелдеу

  • I нұсқа: кітап
  • II нұсқа: сыйлық

2-тапсырма: сұрақ құрастыру

  • I нұсқа: 2-сөйлемге сұрақ қой.
  • II нұсқа: 3-сөйлемге сұрақ қой.

3-тапсырма: пікір жазу

Қандай кітапты жақсы көресің? Кітап туралы өз ойыңды жаз.

Жылдық бақылау үзігі

Мақсаты: сауаттылық деңгейін тексеру; тыныс белгілерін дұрыс қоюын бақылау; есте сақтау қабілетін дамыту; өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар орындату; табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қорытынды

Диктант: «Жазғы демалыс»

Көлемі: 45 сөз

Жазғы демалыс басталды. Шілде айында мен лагерьге барамын. Лагерь Бурабай көлінің қасында. Онда бәрі бар: көл, тау, орман. Біз орманда жаяу серуендейміз, ал көлде қайықпен жүземіз. Көлге шомыламыз, балық аулаймыз. Хайуанаттар бағына барамыз. Онда аңдардың, құстардың, балықтардың түрлері көп. Бурабайдың табиғаты керемет! Балалар лагерьде жақсы демалды.

1-тапсырма: фонетикалық талдау

  • I нұсқа: демалыс
  • II нұсқа: серуендеу

2-тапсырма: тәуелдеу

  • I нұсқа: көл
  • II нұсқа: тау

3-тапсырма: сұрақ қой

  • I нұсқа: «Жазғы демалыс басталды.»
  • II нұсқа: «Балалар лагерьде жақсы демалды.»

4-тапсырма: шығармашылық жұмыс

«Менің жазғы демалысым» тақырыбында шағын әңгіме құрастыр.

Құрастырушылар

  • Омарбекова Күлгадиша Қалияровна — қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  • Каиргожина Людмила Петровна — қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі